2024 жылы мұнайды сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық және тірек сорғы станцияларын жаңарту бойынша 4 жобаны іске асырды.
«Өзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының «Жетібай» мұнай айдау станциясында қайта жаңғырту аясында жаңартылған магистральдық сорғы станциясы салынды. Станцияда 3 магистральдық сорғы қондырғысы орнатылды, әрқайсысының номиналды өнімділігі 1200 м³ мұнайды құрайды. Сорғы жабдықтарының тиімділігі 42% - дан 70% - ға дейін өсті. Нәтижесінде «Жетібай-Өзен» учаскесінде мұнай айдауға жұмсалатын энергия шығыны 15% төмендеді. Жыл сайынғы электр энергиясын үнемдеу 1,2 млн кВт/сағ құрайды.
«Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Павлодар» бас мұнай айдау станциясында 2 тірек сорғы агрегаты ауыстырылды. Бұл сорғы жабдықтарының тиімділігін 35%-дан 75%-ға дейін арттыра отырып, электр энергиясын тұтынуды 23%-ға төмендетуді немесе жыл сайын 3,3 млн кВт/сағ көлемінде электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау станциясында және «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Шолаққорған» бас мұнай айдау станциясында 4 дизельді сорғы қондырғысы іске қосылды. Бұл сорғы қондырғылары энергия беруші ұйымның электр энергиясын жеткізуді ұзақ уақытқа тоқтату кезеңінде мұнайды автономды режимде айдауға арналған, бұл «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері жұмысының сенімділігін арттырады.