KZTO 848,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 848,00 (-0,24%)

Астанада еліміздің ең үздік дефектоскописті анықталды.

 30.01.2025    22

2025 жылдың 27-28 қаңтарында Астанада Қазақстанның ең үздік дефектоскописті анықталды. Бұл конкурс 2025 жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау аясында ұйымдастырылды. Осы арқылы елдегі маңызды, бірақ көп жағдайда елеусіз қалатын мамандықтар туралы кеңінен хабардар болу мақсатында жүзеге асырылды.

Дефектоскопистер – бұл түрлі салада, соның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және энергетикада материалдар мен құрылымдардың сапасын тексеретін, сондай-ақ ақауларды анықтап, қауіп-қатердің алдын алатын мамандар. Олардың еңбегі қазіргі экономикада ерекше маңызға ие.

Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық өтініш түссе де, финалға тек 64 қатысушы іріктеліп шықты. АҚ «ҚазТрансОйл»-дан бұл додаға 7 маман қатысты: шығыс операторлық қызметтер басқармасының өкілі Асет Омаров, Павлодар мұнай құбыры басқармасының өкілі Мади Танжариков, Жезқазған мұнай құбыры басқармасының өкілі Артур Лоор, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының өкілі Иван Манаенков, Құлсары мұнай құбыры басқармасының өкілі Тілекқабыл Тайшев, Қарағанды мұнай құбыры басқармасының өкілі Сұлтан Ахметжан және Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының өкілі Ерлан Байбулатов.


Конкурстың алғашқы күні қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасты. Екінші күні жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, онда үш жеңімпазға демеушілердің сыйлықтары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Реакция:
Серiктестер