«Қаламқас» бас мұнай айдау станциясында магистральдық сорғы агрегатын ауыстыру нәтижесінде «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының «Қаламқас-Қаражанбас» участогі бойынша мұнай тасымалдауға жұмсалатын электр энергиясының үлестік шығыны 1,134 тонн*км. кВт*с/мыңнан 0,89 тонн*км. кВт*с/мыңға немесе 22%-ға төмендеді. Жыл сайын 880 мың. кВт*с-тан астам электр энергиясы үнемделеді. Бұған жеткізілді. Жылдық экономикалық тиімділік 27,6 млн теңгені құрайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдан бастап ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергетикалық менеджмент жүйесі аясында өндірістік процестердің энергиялық тиімділігін арттыруда.
«ҚазТрансОйл» АҚ 20115-2024 жылдары мұнайдың жүк айналымына жұмсалатын электр энергиясының үлестік шығынын 11,5%-ға төмендетіп, 38 млн кВт*сағаттан астам электр энергиясы үнемделді. «Ыстық» мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымына жұмсалатын газдың үлестік шығыны 29%-ға кеміді, шамамен 50 млн м³ газ үнемделді.