«ҚазТрансОйл» АҚ су басу қауіпін алдын алып, мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін су тасқынына қарсы барлық қажетті шараларды қолға алып жатыр.
Су тасқынына қатысты болжамдарды ескере отырып, компания өндірістік нысандарды бақылаудың күшейтілген режимін енгізді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың су тасқынына қарсы штабы су тасқыны қаупі төнген жағдайда жедел әрекет етуге дайын. Орталық аппаратта Дағдарысты басқару тобы іске қосылды, ал су тасқыны қаупі жоғары өңірлер – Атырау, Құлсары, Ақтөбе және Павлодар мұнай құбырлары басқармаларында Апаттарды басқару тобы жұмыс іске қосылған.
Су тасқынын алдын алу жұмыстары компанияда өткен жылдың күзінде басталған. Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспары аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылды:
Су тасқыны кезінде туындауы мүмкін өзгерістерге тез жауап әрекет ету үшін компания облыстық және аудандық су тасқынына қарсы комиссиялармен тығыз байланыста жұмыс істейді, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-дан мәліметтерді үзбей алып отыр.
2024-жылы Қазақстан өңірлерін ауқымды су тасқыны басқан кезде компанияның қолға алған іс-шаралары тиімділігін көрсетті: «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі үзідіксіз жұмыс істеді, мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына және экспорттық бағыттар бойынша тасымалдау қалыпты режимде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, компания елді мекендерде су тасқынынан қорғану жұмыстарын жүргізуде жергілікті атқарушы билікке белсенді түрде көмек көрсетті.