2025 жылдың 18 наурызында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов инвесторлармен, құнды қағаздар нарығының қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Жиын Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңында Эмитент күні аясында өтті және компанияның 2024 жылғы қызмет нәтижелеріне арналды.
Кездесуде компанияның өндірістік-қаржылық көрсеткіштері, күрделі салымдар, тарифтік саясат және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ақпараттар туралы негізгі деректер ұсынылды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларға қызмет көрсету тарифтері, транзиттік және экспорттық бағыттарға қатысты сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
«ҚазТрансОйл» компаниясы жыл сайын Эмитент күніне қатысады, бұл инвесторлармен де, нарықтың кәсіби қатысушыларымен де, бұқаралық ақпарат құралдарымен де ашық диалогты қолдау стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай іс-шаралар компанияның корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанатынын айқындайды