Бүгін бүкіл әлемде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтуде — бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының маңыздылығын еске салатын маңызды күн. «ҚазТрансОйл» АҚ үшін еңбекті қорғау — бұл жай ғана формальдылық емес, Компанияның дамуының басым бағыты, корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі және орнықты өсудің негізі.
Бұл күн барлық деңгейде — өндірістік алаңдардан бастап стратегиялық шешімдерге дейін — қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген біздің берік ұстанымымызды білдіреді. Біз сенімдіміз: қауіпсіз еңбек ортасы – әрбір қызметкердің әл-ауқаты мен бүкіл Компанияның тиімді жұмысының кепілі.
«ҚазТрансОйл» АҚ жарақатсыз мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл үдерістегі маңызды бағыттардың бірі — адами капиталды дамыту. Компания қызметкерлері IOSH және NEBOSH бағдарламалары бойынша оқудан өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болуда. Бұл сертификаттар оларға еңбек қауіпсіздігі бойынша жаһандық стандарттарды мұнай тасымалдау саласының нақты жағдайларында қолдануға мүмкіндік береді.
Тәуекелдердің алдын алудың тиімді құралдарының бірі – «Қорғау» жобасы. Бұл — әрбір қызметкерге еңбек жағдайындағы әлеуетті қауіптер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін интерактивті жүйе. Бүгінгі таңда 1 500-ден астам ұсыныс түсті, олардың бір бөлігі іске асырылды, ал авторлар алғыс хаттармен және ынталандыру шараларымен марапатталды.
Өндірістік нысандарда қызметкерлерді заманауи жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістік тәуекелдерді азайтуға бағытталған техникалық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Компания үдерістерді цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге белсенді түрде инвестиция салуда.
Алдағы жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ виртуалды ортада ықтимал қауіпті жағдайларды модельдейтін VR-оқытуды іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл қауіпсіз іс-әрекет сценарийлерін пысықтауға, тәуекелдерді азайтуға және қызметкерлердің шынайы жағдайларға барынша жақын ортада жұмыс дағдыларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Біз еңбек қауіпсіздігі — бұл ортақ жауапкершілік деп сенеміз. Әрбір қызметкер өз қауіпсіздігі мен әріптестерінің қауіпсіздігі үшін жеке жауапты. Тек бірлесе отырып қана біз әркім өзін қорғалған және ертеңіне сенімді сезінетін еңбек ортасын қалыптастыра аламыз.