Мәскеуде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесу өткізді.
Тараптар мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылады.
ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы экспортқа жөнелтілетін Каспий құбыр консорциумы, Атырау-Самара, Махачкала-Новороссийск бағыттарының маңызды рөлін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.
https://t.me/kmgpress/7985
