KZTO 864,00 (+2,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 864,00 (+2,25)

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС нысандарында қоғамдық мониторинг

 30.09.2025    26

2025 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС нысанында — Арал қаласындағы «Арал» біріккен апатты-қалпына келтіру пунктінде инвестициялық бағдарламаның іске асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Мониторингтің мақсаты — мемлекеттік органдардың, парламент депутаттарының, тұтынушылардың, БАҚ және басқа да мүдделі тараптардың инвестициялық жобалардың нәтижелерін бақылауы мен бағалауы арқылы инвестициялық бағдарламалардың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Мониторинг тобының жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы, Арал қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Арал» біріккен авариялық-қалпына келтіру пунктінде жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша визуалды тексеру жүргізілді. «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС өкілдері жұмыстардың мерзімі, бюджеті, сапасы және алға қойылған мақсаттарға жету мәселелері бойынша барлық сұрақтарға қажетті түсініктемелер берді.

Бұған дейін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны — «Магистральды Су құбыры» ЖШС-де бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы және реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Осындай іс-шара 2025 жылдың соңына қарай тағы бір еншілес ұйым — «Солтүстік-Батыс құбыр желісі «МұнайТас» ЖШС-де жоспарланып отыр.

Реакция:
Серiктестер