KZTO 863,48 (+0,64)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 863,48 (+0,64)

Ізгілік күні

 01.10.2025    83

Қарттар күні қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ Жас мамандар кеңесі Астана қаласында әлеуметтік акция ұйымдастырды. Шарада 15 зейнеткерге дәмді тағамдардан құралған сыйлық жиынтықтары табыс етілді.
Мұндай игі бастаманың жүзеге асуына Сарыарқа ауданы әкімдігі мұқтаж қарттардың тізімін ұсынды. Орталық аппараттың 16 жас қызметкері бірнеше топқа бөлініп, азық-түлік жиынтықтарын табыстап, мерекелік құттықтау мен жылы лебіздерін жеткізді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та осындай шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жас мамандар үшін бұл — қарттарға құрмет пен қолдау көрсету мүмкіндігі.

Сондай-ақ, Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы да осындай акция ұйымдастырып, кәсіподақ ұйымының қолдауымен Үшарал қаласындағы жалғызбасты екі зейнеткерге азық-түлік жиынтықтары табыс етілді. Оларға құрмет пен қамқорлық көрсетілді.
Бұл бастама — қарттардың жасы мен тәжірибесіне құрмет білдірумен қатар, қоғамда ізгілік пен мейірімділікті насихаттау жолындағы маңызды қадам. Көрсетілген қамқорлық пен ілтипат оларға қуаныш сыйлады, ал өз кезегінде олар мұнай құбыры қызметкерлеріне шын алғыстарын білдірді.





Реакция:
Серiктестер