ҚазТрансОйлдың 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кірісі 254 млрд 150 млн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% артты.
ҚазТрансОйлдың 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза пайдасы 39 млрд 155 млн теңгеге жетіп, 2024 жылдың 9 айындағы нәтижеден 23,7% жоғары болды.
Айта кетсек, Freedom Broker II тоқсан бойынша жарияланған нәтижелерден кейін «ҚазТрансОйл» акцияларының бағасын қайта қарап шықты. Брокердің жаңартылған бағалауында бір акцияның мақсатты құны 1 110 теңге деп белгіленді. Маусым айында бұл көрсеткіш 1 040 теңге болған еді. Сарапшылардың есебінше, қазіргі деңгейден 37% өсім әлеуеті бар, сондықтан олар акцияларды сатып алуды ұсынады.
https://naryk.kz/news/qaztransoil-9-aida-39-mlrd-tengge-taza-paida-tapty