KZTO 833,20 (-0,13)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,13)

Атыраулық мұнайқұбыршылар өндірістік қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын жұмысымен танысты

 28.11.2025    29

Атырау мұнай құбыры басқармасының инженерлік-техникалық қызметкерлері Атырау қаласындағы «West Dala» ЖШС өндірістік нысандарына танысу сапарымен барып, кәсіпорынның қызмет бағыттары мен жұмыс ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

«West Dala» ЖШС – өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта өңдеу және жоюмен кешенді түрде айналысатын кәсіпорын.

Сапар барысында компания өкілдері өндірістік алаңдарды аралатып, қолданылып жатқан технологиялар мен жұмыс процесін таныстырды. Әсіресе қалдықтарды қайта өңдеу әдістері, оларды басқарудың заманауи тәсілдері және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар өндірістік циклдің өзге де кезеңдерімен танысып, кәсіпорынның жұмыс жүйесі мен саладағы рөлі жөнінде толыққанды ақпарат алды.

Танысу сапары барысында қызметкерлер тәжірибе алмасып, алдағы уақытта кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.


Реакция:
Серiктестер