1997 жылы «ҚазТрансОйлдың» құрылуы бес жылға созылды. КСРО ыдырағаннан кейін мұнай құбырлары жүйесін қамту үшін бұрынғыдай қаражат орталық есебінен болмады, ақша табудың жолын іздеуге тура келді. Қазақстанда мұнай тасымалдаудың коммерциялық компаниясын құру идеясын сол кезде Энергетика министрлігінің басшысы Нұрлан Балғымбаев ұсынды. 1995 жылдың ақпанында ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мұнай құбырларын басқарып, оның қаржыландыру және даму мәселесімен айналысатын компания құру туралы хат жолдады. Елбасы өз ойын: «Мен келісемін!» деп қысқа әрі нұсқа түрде жазды. «Қара алтын дариясы» Танат Қожманов 2017 ж.