KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Қайта жаңартудан кейін «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының 50 км учаскесін қосу бойынша жұмыстар аяқталды

 11.07.2022    1965
«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы қайта жаңартудан кейін «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының 449-499 км жаңадан салынған учаскесін қосуды аяқтады.

Ұзындығы 50 км су тарту учаскесін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары, Маңғыстау және Атырау мұнай құбыры басқармаларының қызметкерлері орындады. Реконструкциялауды жүргізу «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық құбырының желісі сенімділігін арттырады, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушылары үшін суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Қазақстанның батыс өңірінде су тұтыну көлемінің жыл сайын артып келе жатқанын  ескере отырып, сондай-ақ тозған құбырларды жаңарту мақсатында «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту» инвестициялық жобасын іске асыруда. Жоба қорытындысы бойынша су тарататын құбырдың  су өткізу қабілеті тәулігіне 170 мың текше метрге дейін артады деп жоспарлануда.
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
Серiктестер