KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырауда мұнайқұбыршылар арасында спартакиада мәресіне жетті

 22.05.2023    291

  Атырау мұнай құбыры басқармасы мен Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының мұнай айдау стансалары мен өндірістік бөлімшелері арасында спартакиада өз мәресіне жетті.  


   Атыраудағы спартакиадаға Атырау мұнай құбыры басқармасы мен Батыс операторлық қызметтер көрстеу басқармасының 14 команадасы қатысуда. Командалар спорттың 10 түрінен сайысқа түсті. Атап айтқанда шағын футбол, баскетбол, волейбол, стол теннисі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, қол күресі, киберспорт және асық ату. Жарысқа 200-ден аса спортшы мұнайқұбыршы тартылды. Спартакиаданы басқармалардың кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. 


    Спорттық сайыс барысында барлық қатысушы командалар мен жекелеген спортшылар жеңіске деген құлшыныс танытты. Спорттың қай түрі болмасын тартысқа толы өтті. Финалдық ойындардың өзінде мұнайқұбыршылар барын салып бақты. Ешқайсысы шаршағанын елемей, жеңіс тұғырынан көрінуге талпынды. Биыл командалар аса үлкен дайындықпен келгені сайыс басында көрінді. Кәсіби төрешілер спартакиада барысында спортшылардың жарыс мәдениетіне төселгенін және өзара сыйластығының артқанына тоқталды. Сайыс болған соң әрине, жеңімпаздары мен оза шабатындары болады. Ол арнайы төрешілердің саралауымен айқындалды. Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 


Жалпы команда бойынша: 

Бірінші орын- «Орал» ЖӨДС;

Екінші орын- Н.Шманов атындағы МАС;

Үшінші орынды- Өндірістік қызмет көрсету базасы иеленді. 




Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер