«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының диспетчері Бибігүл Баямирова еңбекқорлық, қарапайымдылық және адалдық туралы айтып берді.
«Ешкімнің ала жібін аттама» деп ата-анам маған мәңгіге адалдық пен шыншылдықтың ережесін үйретіп кетті. Яғни бөтеннің мүлкін алуға болмайтынын түсіндірді. Бала кезде бір оқиға ерекше есімде қалды. Бірде менің үш жасар інім үйге біреудің ойыншық көлігін алып келді. «Сенің мұндай ойыншығың жоқ еді, қайдан алдың?» деп анам бірден сұрай бастады. Інім ойыншықты қайдан алғанын көрсетті. Оны иелеріне қайтарғаннан кейін, анам бізге басқа адамдардың заттарын рұқсатсыз иемденуге болмайтынын түсіндірді. Оның сөздері өмір бойы жадымда қалды. Дәл осыны ұлымның да көкейіне құйдым.
Табиғатты жақсы көремін, мінсіздігіне таң қалудан шаршамаймын. Табиғатқа деген сүйіспеншілік тоғыз жасымда Кавказдағы балалар лагеріне барған кезде пайда болды. Ол кезде Атыраудың тумасымын, таулы және орманды жердің сұлулығын алғаш рет көрдім. Табиғат тыныштық пен жан рахатын сыйлайды. Қарбалас жұмыс күнінен кейін аспанға қарасаң жеткілікті. Бұлттардың ерекше қайталанбайтын түрлеріне тамсанумен боламын.
Бәріміздің жүрегімізде мейірім бар. Дәл сол қасиет әлемді құтқарып тұр. Өйткені, адамның жүрегі өте жараланғыш, көпшілігі сол әлсіздігін жасырады.
Қазіргі жастардың көбі өте білімді. Олар физика мен математиканы жақсы біледі, ойларын сенімді түрде жеткізеді. Дегенмен ең бастысы –тәрбие. Ол білім беруден де маңызды. Тәрбиесіз берілген білім – зиян.
Табысты табыс қажет емес. Адамдардың қарапайымдылығын бағалаймын. Мысалы, ағам ғалым болған. Үнемі жұмысбасты боп жүретін. Бірақ ешқашан өзінің ашқан ғылыми жаңалықтарымен мақтанған емес және олар туралы айтпайтын да. Ол үшін ғылым - қоғамға қызмет етудің құралы ғана болды. Мен одан адамның сүйікті жұмысынан шаршамайтынын ұқтым. Онікі дұрыс еді. Расында, адам өз ісін тапқан кезде, әрдайым құлшынысқа толы болады.
Бұрын егде жастағы адамдардан мейірім мен қарапайымдылық есіп тұратын. Әсіресе, олардың «айналайын» деген сөзінен білінетін. Әрине, мінсіз адам болу қиын. Сондықтан, халық даналығы айтқандай, егер жақсылық жасай алмасаң, онда тым болмаса зияныңды тигізбе деген.
Қазақ химия-технологиялық институтын бітіргеннен кейін 1993 жылы мұнай тасымалдау саласындағы еңбек жолым басталды. Ол кезде мен болашақта SCADA диспетчерлік бақылау және жүк ағындарын басқару жүйесін енгізу нәтижесінде, Астанадағы бас диспетчерлік басқармадан Атырауда мұнай айдау станциясының сорғы жабдығын іске қосуға болады дегенді ойлай да алған жоқпын. Оның өнімділігі сағатына 3,6 мың текше метр мұнай айдауға мүмкіндік береді. Кейбіреулер үшін бұл Астанада отырып Атыраудағы жарықты өшіру сияқты керемет болып көрінеді.
Диспетчер мұнай тасымалдаудың технологиялық процестерін жақсы түсінуі керек. Кәсіби шеберліктен басқа, коммуникативті дағдылар маңызды, өйткені мұнай тасымалдауды диспетчерлік - командалық жұмысқа жатады. Штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде стресске төзімділік пен шешім қабылдау жылдамдығы қажет.
Егер мұнай төгілсе табиғат та, адамзат та зардап шегеді. Бұған жол беруге болмайды. Сондықтан мұнайды сенімді тасымалдау қоғамның тұрақты дамуына үлкен үлес қосу болып табылады.