KZTO 854,60 (-0,63)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 854,60 (-0,63)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2025 жылдың 9 айындағы мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін қайта құюдың жиынтық көлемі 34 миллион 644 мың тоннаны құрады

 22.10.2025    52

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өндірістік қызметінің қорытындысын шығарды.

Есептік кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мұнай бойынша жиынтық жүк айналымы 33 млрд 921 млн тонна-километрді құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 2% артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 26 млрд 495 млн тонна-километрді құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1% артық.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін қайта құюдың жиынтық көлемі 34 млн 644 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 1% төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 33 млн 223 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1% аз.

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% ұлғайып, 13 млн 633 мың тоннаны құрады.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы 33 млн 223 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1%-ға аз.

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өсіп, 13 млн 633 мың тоннаны құрады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не – 4 млн 306 мың тонна мұнай;

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не – 4 млн 629 мың тонна мұнай;

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не – 4 млн 179 мың тонна мұнай;

«БК CASPI BITUM» ЖШС-не – 519 мың тонна мұнай жеткізілді.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7 млн 750 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға артты.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі арқылы 8 млн 735 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіш деңгейінде қалды.

«Атасу – Алашанькоу» магистральды мұнай құбырына 8 млн 270 мың тонна мұнай құю жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға төмендеді.

«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ жүйесіне құйылған мұнай көлемі 2 млн 513 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 25%-ға аз болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалану арқылы Ақтау портында танкерлерге 2 млн 440 мың тонна мұнай тиелді, бұл 2024 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткіштен 5%-ға төмен.

«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 14 млн 484 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Мұнайдың жүк айналымы 12 млрд 941 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың 9 айындағы нәтижеден 4%-ға жоғары болды.

«СБҚК «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы 4 млн 436 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Сондай-ақ мұнайдың жүк айналымы 8%-ға өсіп, 1 млрд 874 млн тонна-шақырымды құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды қайта құю көлемі 1 млн 421 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 3%-ға төмен. Сонымен қатар, 2025 жылдың 9 айындағы жалпы жүк айналымы 5 млн 580 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары болды.

2025 жылдың 9 айында «Магистральды Су Құбыры» ЖШС «Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 20 млн 450 мың текше метр тұщы су жеткізді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңі деңгейінде қалды.

Серiктестер