KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

«Атасу» бас мұнай айдау станциясына 35 жыл толды

 24.09.2024    1827
Биыл Қарағанды мұнай құбыры басқармасына қарасты «Атасу» бас мұнай айдау станциясының пайдалануға берілгенін 35 жыл толады. «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 681-шақырымында орналасқан станцияның іргетасы 1986 жылы қаланып, үш жылдан кейін қараша айында тұсауы кесілген.
 
Маңызды нысанның басты мақсаты Батыс-Сібір мұнайын Чарджоу, сол секілді Омбы-Павлодар-Шымкент бағыты бойынша тасымалдау болған. 2000 жылы мұнай құю эстакадасы пайдалануға беріліп, 2005 жылға дейін Қытай және басқа бағытта 5 млн тоннадан астам мұнай тиелген. Сол жылы «Атасу-Алашаңқай» құбыры пайдалануға берілді.    Қазіргі таңда станциядағы резервуарлар паркінің жалпы сыйымдылығы 100 мың текше метрді құрайды.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер