KZTO 878,00 (-1,99)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 878,00 (-1,99)

«ҚазТрансОйл» АҚ: «Кеңқияқ-Атырау» бағыты бойынша мұнайды ішкі нарыққа тасымалдауға жаңа тариф бекітілді

 27.05.2025    230
Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны «МұнайТас» СБҚК» ЖШС Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық құбыры арқылы тасымалдаудың реттеліп көрсетілетін қызметіне жаңа тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 40-НҚ бұйрығына сәйкес тариф:
  • 01.07.2025 жылдан 30.06.2026 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 193 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2026 жылдан бастап 30.06.2027 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 233 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2027 жылдан 30.06.2028 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 259 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2028 жылдан 30.06.2029 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 286 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2029 жылдан 30.06.2030 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 293 теңге (ҚҚС-сыз).
Тариф 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бес жыл мерзімге күшіне енеді.
 
Айта кетейік, бұл бағыттағы тариф 2012 жылдан бері қайта қаралмаған. Оның өзектендірілуі ішкі нарыққа мұнай айдау қызметтері үшін «Инвестицияға айырбас ретінде тариф» қағидаты бойынша ынталандырушы тариф белгілеу әдісін енгізудің нәтижесі болды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ ішкі және сыртқы нарықта мұнайды сенімді және тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған тарифтік саясатты жетілдіру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырады.
 
Серiктестер