KZTO 811,50 (+0,19)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 811,50 (+0,19)

Байланыс қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

 21.07.2025    35
«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында Қазақстан Республикасы Байланыс қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімі өтті.
«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов қызметкерлерді жуырда өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атынан берілген марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Марапат иелері — «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесі және метрологиялық қамтамасыз ету департаменті телекоммуникациялар бөлімінің қызметкерлері:
  • Ким Игорь Маркелович — бас маман, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісімен марапатталды.
  • Серік Мақсат Талғатұлы — жетекші маман, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Алғыс хатымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • Исағали Исатай Ғалымжанұлы — жетекші маман, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • Әбілов Әлихан Болатұлы — бас маман, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісімен марапатталды.
Ғазиз Қошанов марапат иелерінің еңбегіне ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді:
«Бүгінгі таңда байланыс – цифрлық дәуірдің маңызды бөлігі. Мұнай тасымалы саласында атқарып жатқан жұмыстарыңыз – өндіріс үшін өте қажет! Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болып, еңбекте жетістіктерге жете беріңіздер», — деді Ғ. Қошанов.







Реакция:
Серiктестер