Ақтау қаласында өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобына кіретін компаниялар қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада жалғасуда. Кезекті жарыстарда «ҚазТрансОйл» АҚ командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Ерлер (40 жасқа дейін) арасындағы жүзу бойынша:
1-орын – Игорь Сорокин, Павлодар МҚБ «Петерфельд» ЖӨДС-нің желілік құбыршысы.
Әйелдер (40 жастан асқан) арасындағы жүзу бойынша:
1-орын – Ирина Филяева, Павлодар МҚБ-ның ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету учаскесінің жетекші инженері.
Әйелдер (40 жасқа дейін) арасындағы жүзу бойынша:
1-орын – Зинаида Ильченко, Батуми теңіз портының ИМЖ және стандарттау басқармасының тәуекелдер жөніндегі жетекші маманы
Сондай-ақ, әйелдер арасындағы тоғызқұмалақ жарысында Павлодар МҚБ техникалық диагностика жөніндегі инженері Сабина Өмірзақова 1-орынға ие болды.
Шахмат сайысында қыздар арасында орталық аппараттың тәуекел-менеджменті және бизнес-процестер басқармасының жетекші маманы Айгерім Мұратова жеңіске жетсе, ерлер арасында Қарағанды МҚБ өлшеу құралдарын тексеру учаскесінің жетекші инженері Валерий Аллаяров топ жарды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!