KZTO 810,84 (+0,10)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,84 (+0,10)

«ҚазТрансОйл» АҚ үздік еңбек адамдары республикалық байқауда марапатталды

 11.06.2025    64
«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы Жәрдем Мұхан пен Ақтөбе Мұнай құбыры басқармасы «Әлібекмола» БМАС «Жаңажол» ҚТП тауар операторы Үміт Жанбуршина  «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» республикалық байқауына қатысып, жоғары марапаттарға ие болды.

Жәрдем Мұхан І дәрежелі диплом және «Үздік еңбек адамы» медалімен, ал Жанбуршина Умит Аскаровна «Үздік еңбек адамы» төсбелгісі мен «Еңбек сіңірген қызметкер» 1 дәрежелі дипломымен марапатталды.
 
 

Жардем Мұхан еңбек жолын 1986 жылы технологиялық компрессор машинисі ретінде бастаған. 1989 жылдан бері «ҚазТрансОйл» компаниясының жүйесінде қызмет етіп келеді. Құлсары мұнай құбыры басқармасында еңбек қауіпсіздігінің инженері, өндірістік бөлімшелердің жауапты қызметкері, «Құлсары» және «Қосшағыл» желілік-өндірістік диспетчерлік станцияларын басқарған. 2020 жылдан бері өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы қызметін атқаруда.
 
Ал Жанбуршина Умит Аскаровна еңбек жолын 1987 жылы «Кеңқияқ» ЖӨДС-та тауар операторы ретінде бастаған. 2000-2011 жылдар аралығында «Әлібекмола» БМАС «Жаңажол» ҚТП химиялық талдау зертханашысы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Әлібекмола» БМАС «Жаңажол» ҚТП тауар операторы болып жұмыс істейді.



«Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл республикалық байқау — Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан азаматтарды танытуға бағытталған маңызды іс-шара. Байқауға еліміздің әртүрлі салаларынан 100-ден астам маман қатысты.
 
Әріптестеріміздің жетістігіне шын жүректен қуанып, алдағы еңбек жолдарына табыс тілейміз!
 
Реакция:
Серiктестер