KZTO 805,91 (-0,13)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 805,91 (-0,13)

Еңбек қауіпсіздігі отбасы мүшелеріне Ашық есік күнінде көрсетілді

 26.08.2025    7

«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнайқұбыры басқармасында қызметкерлердің отбасы мүшелеріне арналған Ашық есік күні өтті. Шара қонақтары – әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындары – бөлімшенің кеңсесіне барып, өндірістік үдерістермен және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Іс-шара аясында өртке қарсы қызметтің жұмысы мен күнделікті қызметте қолданылатын заманауи жеке қорғаныс құралдары көрсетілді.

Қызметкерлердің туған-туыстары «ҚазТрансОйл» АҚ-ның еңбек үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастырып, персоналдың өмірі мен денсаулығын сақтауға зор жауапкершілікпен қарайтынына көз жеткізді. Қонақтар мұнайқұбыры басқармасының жұмыс ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет алып, жақындарының сенімді әрі қауіпсіз жағдайда еңбек етіп жүргенін көрді.

Ашық есік күні корпоративтік рухты және қызметкерлер мен басшылық арасындағы сенімді нығайтып, қызметкерлердің балалары мен отбасы мүшелеріне «ҚазТрансОйл» АҚ атқарып отырған маңызды іске өздерін де ортақ сезінуге мүмкіндік берді.


Реакция:
Серiктестер