KZTO 815,00 (+0,61)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 815,00 (+0,61)

«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасының «Атасу» бас мұнай айдау станциясында өрт сөндіру жүйесінің реконструкциясы аяқталды

 03.09.2025    53

«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасына қарасты «Атасу» бас мұнай айдау станциясында өрт сөндіру жүйесінің реконструкциясы аяқталды. Бұл жүйе станцияның мұнай ағызу-құю эстакадасындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал өртті жедел сөндіруге арналған.

Реконструкция барысында жалпы сыйымдылығы 2000 текше метр болатын, өртке қарсы су қорын сақтауға арналған екі жерүсті РВС-1000 м³ резервуары ауыстырылды.

Жоба компанияның 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл іс-шара өндірістік нысандардың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық жұмыстар бекітілген жобалық-сметалық және техникалық құжаттамаға қатаң сәйкестікте орындалды.

Реакция:
Серiктестер