KZTO 815,00 (+0,61)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 815,00 (+0,61)

Білім саласына қосқан үлесі: «Магистральды Су құбыры» ЖШС колледжге өндірістік құрал-жабдықтарды сыйға тартты

 03.09.2025    89

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында тәжірибеге негізделген оқыту бағытын дамыту мақсатында және жаңа оқу жылының басталуына байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Магистральды Су құбыры» ЖШС Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжіне ірі габаритті механикалық және технологиялық өндірістік құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Колледжге құбыр көлігінде және мұнай-газ өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын құрал-жабдықтар: AD6300 0-2 жоғары қуатты магистральдық сорғы, сондай-ақ өшіру клапандары жеткізілді.

Бұл бастаманың мақсаты – оқу орнын Қазақстанның магистральдық құбырларында қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау» мамандығы бойынша студенттерді оқыту сапасын арттыру.

– Болашақ жас мамандарды дайындауда теория мен практиканы жақындастыру – ел болашағына, оның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция, – деді жабдықты тапсыру рәсімінде «Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директоры Еркін Таңқыбаев. – Бұл қадам ұстаздарға білікті жас кадрларды дайындауға көмектесіп, студенттер колледжді бітіргеннен кейін өндіріс орындарында өздеріне сенімді болады деп ойлаймын.

Білім беру мекемесінің басшылығы оқу үдерісін жетілдіруге атсалысқан өндіріс қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Колледжді жабдықтауға қосқан үлес – бұл әлеуметтік жауапты бизнестің жарқын мысалы, ол аймақ пен ел үшін білікті мамандар дайындаудың маңыздылығын түсінеді.















Серiктестер