Павлодар мұнай құбыры басқармасының мамандары үшін «Медициналық білімі жоқ тұлғаларға арналған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек» курстары өткізілді.
Бүгінгі күні басқармаға қарасты құрылымдық бөлімшелерден 47 қызметкер аталмыш курстан өтіп, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету түрлерін тек теория емес, тәжірибе түрінде үйренді. Яғни жасанды тыныс алдыру әдістері, судан, өрттен құтқару, басқа да төтенше жағдайлар кезінде жарақат алған адамға көрсетілетін көмек түрлерін пысықтады.
Аталмыш оқу-курстарынан өткен мамандарға «Парамедик» санатындағы арнайы сертификат берілетін болады.