KZTO 864,99 (+0,93)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 864,99 (+0,93)

Арман Қасенов Грузияның Қазақстандағы елшісі Леван Диасамидземен кездесті

 13.10.2025    35

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.

Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін, экспорттық бағыттарды дамыту және Қазақстан мен Грузия арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясындағы серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Батуми мұнай терминалы мен теңіз портының қызметіне – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Грузиядағы активтеріне ерекше назар аударылды. Аталған активтер тұрақты дамуды көрсетіп, Қара теңіз аймағындағы негізгі логистикалық хаб ретінде өз ұстанымдарын нығайтып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы әріптестік тұрақты экспорттық жеткізілімдерді қамтамасыз етуде және халықаралық көлік дәліздерін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге ықпал ететін өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.

Серiктестер