Қоғамдық мониторинг аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жұмыс тобы «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС объектілеріне барды.
Бұл — «ҚазТрансОйл» АҚ пен CNPC Exploration and Development Company Ltd бірлесіп бақылайтын ұйым, ол «Кеңқияк-Атырау» магистральды мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалы қызметін көрсетеді. Аталмыш құбыр «Қазақстан-Қытай» магистральды мұнай құбырлары жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Уәкілетті тұлғалар «Қазақстан – Қытай» магистральды мұнай құбырлары жүйесіне кіретін «Кеңқияқ – Атырау» магистральды мұнай құбыры учаскесінде «МұнайТас» СБҚК ЖШС бекітілген инвестициялық бағдарламасы шеңберіндегі іс-шаралардың орындалу барысымен және ағымдағы жағдайымен танысты.
Сапар барысында «Кенқияқ – Атырау» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігін қайта жаңғырту аясында «Аман» мұнай айдау станциясы маңындағы габиондық құрылыстар орнату жұмыстарының учаскелері, қосымша бейнебақылау камераларын орнату және Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясында, сондай-ақ мұнай құбырының өзге де объектілерінде телефон байланысы жүйесін реконструкциялау жұмыстарының барысы тексерілді.
«МұнайТас» СБҚК» ЖШС бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу тарифтік саясатты қалыптастырудағы ашықтықты, әділдікті және экономикалық негізділікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ сенімді арттыру, қоғамдық және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың маңызды тетігі болып табылады.