KZTO 851,00 (-0,47)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 851,00 (-0,47)

«ҚазТрансОйл» АҚ 160-тан астам қызметкері Республика күніне орай марапатталды

 24.10.2025    62

Ұлттық мереке — Республика күніне орай «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппараты, мұнай құбыры басқармалары, сондай-ақ еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарда салтанатты іс-шаралар мен марапаттау рәсімдері өтті. Мереке аясында мұнай құбыры саласының 161 қызметкері түрлі марапаттарға ие болды.

Компанияның бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов өз құттықтауында қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары жауапкершілігін атап өтіп, олардың еліміздің мұнай тасымалы саласы және экономиканың тұрақты дамуына қосқан үлесін ерекше бағалады.

Салтанатты іс-шаралар барысында бірқатар қызметкерге төсбелгі және естелік белгілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және «ҚазТрансОйл» АҚ ішкі марапаттары табыс етілді.

Серiктестер