KZTO 851,00 (-0,47)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 851,00 (-0,47)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар – ПМХЗ» магистральдық мұнай құбыры учаскесін ауыстыру кезінде отандық өндірістегі құбырларды пайдаланды

 24.10.2025    57

Мемлекет Басшысының реттелетін сатып алуларда отандық тауарлардың көлемін арттыру жөніндегі Жолдауын іске асыру аясында «ҚазТрансОйл» АҚ қазақстандық өндірістің өнімдерін пайдалануды үзбей жалғастырып келеді.

Осындай жұмыстың үлгісі ретінде «Павлодар – ПМХЗ» магистральдық мұнай құбырының 6,357 – 6,775 км учаскесінде диаметрі 820 мм құбырды диаметрі 1020 мм қорғаныш қаптамада төсеу жобасы аталды. Аталған жобаны іске асыру барысында «Qarmet Tubular Products Aktau» ЖШС шығаратын отандық құбырлар пайдаланылды.

Жұмыстар пойыздардың қозғалысын тоқтатпай, қиылысатын төрт темір жолдың астынан өтетін ұзындығы 418 метр күрделі учаскеде орындалды.

Теміржол астындағы құбырдың сенімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін диаметрі 820 мм, қабырғасының қалыңдығы 12 мм болатын жаңа болаттан жасалған спиральды дәнекерлі құбырлар диаметрі 1020 мм, қабырғасы 14 мм қорғаныш қаптамада төселді. Барлық құбырлар Қазақстанда өндірілген.

Құбырдың негізгі тізбегіне арналған құбырларда сыртқы әсерлерден қосымша қорғауды қамтамасыз ететін және қызмет ету мерзімін ұзартатын полиэтилен негізіндегі зауыттық сыртқы коррозияға қарсы жабын бар.

«Құбырлы өнімдер қысқа уақытта жасалды. «ҚазТрансОйл» АҚ жобаланған құбырдың бірінші партиясын тапсырыс берілгеннен кейін небәрі 1,5 айдан кейін алды.

«Павлодар-Павлодар мұнай-химия зауыты» магистральдық мұнай құбыры учаскесінде қайта құру жұмыстары аяқталды.

Жоба отандық өндірістің өнімдерін табысты қолданудың жарқын үлгісіне айналды және олардың жоғары сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдеді. Мұнай құбырларын жаңғырту кезінде қазақстандық материалдарды пайдалану еліміздің индустриялық дамуына, қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін нығайтып, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі тұрақты бағытын айқын көрсетеді.





Серiктестер