KZTO 836,90 (-0,25%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,90 (-0,25%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Басқарма

Эрик Сағиев
АҚ «ҚазТрансОйл» бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары
Басқарма құрамына 2022 жылғы 5 наурызда сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған жылы: 22 қыркүйек 1984 жыл.

Білімі: Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы және Қазақстан гуманитарлық-заң университетінде «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:
  • Еңбек жолын 2002 жылы Bonatti SpA құрылыс компаниясында материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі маман болып бастаған.
  • 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін Karachaganak Petroleum Operating B.V. оператор-зертханашы, өндіруді жоспарлау және есептілік жөніндегі маман, сатып алу және келісімшарттар жөніндегі маман болып жұмыс істеді.
  • 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін «Интергазстрой» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.
  • 2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін Астана қаласындағы «Top-Oil Srl» өкілдігін басқарды.
  • 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Стройгазконсалсинг» ЖШС-да коммерциялық директор болып жұмыс істеді.
  • 2016 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тағайындалғанға дейін «Сарыарқа» Астана қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді.
  • 2022 жылғы 5 наурыздан бастап бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының директоры болып тағайындалды.
  • 2022 жылғы 11 сәүірден бастап – АҚ «ҚазТрансОйл» бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары.
«Petrotrans Limited» жеке жауапкершілігі шектеулі компанияның Директоры
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ Бақылау кеңесінің мүшесі
«Батуми теңіз порты» ЖШҚ Бақылау кеңесінің мүшесі

Қоса атқаратын жұмысы мен директорлар кеңестеріндегі мүшелігі: «Petrotrans Limited» компаниясының директоры
Серiктестер