KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Тұрақты даму

Тұрақты дамуды басқарудың теңдестірілген тәсілі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (Компания) ұзақ мерзімді дамуының және бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылады. Компания ұлттық оператор, сондай-ақ ірі жұмыс беруші және салық төлеуші бола отырып, ел экономикасының дамуына, өңірлерде өмір сүру деңгейін жақсартуға, өз жұмыскерлеріне қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын, сондай-ақ кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктер жасауға үлес қосады.

Компанияның тұрақты даму саласындағы нәтижелер туралы ақпаратты Жылдық есептің бөлімі ретінде басып шығарады.

Тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады және Компанияның күнделікті операциялық қызметімен интеграцияланған. Компанияның тұрақты даму саласындағы басымдықтары болып табылады:
  • бизнес қызметінің тиімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
  • табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану;
  • жұмыскерлерді кәсіби дамыту және әлеуметтік қолдау;
  • өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады;
  • өндірістік активтерді басқару.
Тұрақты даму жүйесін жетілдіру «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясының және ұзақ мерзімді тұрақты дамудың негізгі бағыттары мен мақсаттарының бірі болып табылады.
 
Компанияның тұрақты даму саласындағы стратегиялық бастамалары:
  • тиімді корпоративтік басқару;
  • өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;
  • энергия сақтау және энергия тиімділігі деңгейін арттыру;
  • адам капиталын дамыту және адам құқықтарын қорғау;
  • адалдық және Іскерлік этика кодексінің қағидаттарын сақтау;
  • ашықтық және ашық коммуникациялар қағидаттары;
  • жеткізу тізбегін тиімді басқару. 
Тұрақты даму мәселелерін басқару «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік басқару жүйесіне интеграцияланған және Компанияның барлық ұйымдастырушылық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
 
Орнықты даму мәселелерін басқару Компанияны басқарудың барлық ұйымдастырушылық деңгейлерінде жүзеге асырылады. Жекелеген мәселелерді басқаруды Компанияның орталық аппараты деңгейінде бейінді департаменттер және ТЖЖ деңгейінде – персоналмен жұмыс, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау сияқты орнықты дамудың нақты салаларына жетекшілік ететін қызметтер мен бөлімдер жүзеге асырады. Қызметтер мен бөлімдердің жұмысы Компанияның орталық аппаратымен тікелей өзара іс-қимыл шеңберінде үйлестіріледі және келісіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның орнықты даму саласында қызметі сәйкес келетін халықаралық стандарттар:
  • ISO 9001:2015 «Сапа менеджменті жүйелері»;
  • ISO 14001:2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері»;
  • ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйелері»;
  • ISO 50001:2018 «Энергетикалық менеджмент жүйелері».
2022 жылы Компания халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікті растау және халықаралық үлгідегі сертификаттарды жаңа үш жылдық мерзімге ұзарту жөніндегі тәуелсіз органдармен сертификаттау аудиттерін жүргізу бойынша іс-шараларды орындады.

БҰҰ бастамаларын қолдау

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты (ТДМ) қабылдады, олар 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібін айқындады.

«ҚазТрансОйл» АҚ БҰҰ бастамасын қолдайды және бизнесті жауапты жүргізу, корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін қолдану, қоршаған ортаға әсерді барынша азайту және персоналды тиімді басқару арқылы жекелеген ТДМ-ға қол жеткізуге өз үлесін қосуға ұмтылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ 9 орнықты даму мақсаттарын компанияның ең маңызды үлес қоса алатын және өзекті болып анықталды:
  • Жақсы денсаулық пен әл-ауқат;
  • Сапалы білім беру;
  • Таза су және өндірістік тазалық;
  • Қымбат емес және таза энергия;
  • Лайықты еңбек және экономикалық өсім;
  • Индустриаландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
  • Климаттың өзгеруімен күрес;
  • Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар;
  • Орнықты даму мүдделігіндегі ынтымақтастық.
 
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу

«ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысына және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен (2020 жылғы 22 маусымдағы № 15 отырыс хаттамасы) «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің картасын қалыптастыру регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілді.

Регламентте «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес ұйымдарының стейкхолдерлерінің тізбесін, оларды топтастыруды айқындау, «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің картасын қалыптастыру, стейкхолдерлердің талаптары мен үміттерін айқындау, сондай-ақ стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес ұйымдарына әсер ету дәрежесін және стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне мүдделілік дәрежесін бағалау тәртібі белгіленеді.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу кезінде Компанияда енгізілген менеджмент жүйелері стандарттарының (ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001) талаптарына сәйкес Компанияның маңызды қағидаты олардың қажеттіліктері мен үміттерін анықтау болып табылады.

Стейкхолдерлер картасын қалыптастырған кезде «ҚазТрансОйл»  АҚ нақты өзара әрекеттесу өлшемдерінің негізінде стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа әсерін әр үш жыл сайын бағалайды және олардың «ҚазТрансОйл» АҚ-қа мүдделігі деңгейін бағалайды. Ол үшін Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары олардың мүдделері өз қызметінің шеңберінде қозғалатын тұлғалармен (жеке және заңды) қарым-қатынастарын зерделеу арқылы ішкі сауалнама мен талдауды жүзеге асырады. 2023 жылы Компанияның мүдделі тараптарының тізбесін өзектендіру жоспарлануда.

2023 жылы Стейкхолдерлер картасы өзектендірілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің 2024-2026 жылдарға арналған картасы (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    341.63Кб    168

 
«ҚазТрансОйл» АҚ-та құрылған мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі мүдделі тараптардың әртүрлі топтарының мүдделерін уақтылы айқындауға және бағалауға мүмкіндік береді.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі
 
ҚазТрансОйл АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі
ҚазТрансОйл АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі


Қауымдастықтарға мүшелік

«ҚазТрансОйл» АҚ кәсіби тәжірибе алмасуға және салалық деңгейдегі міндеттерді шешуге ықпал ететін түрлі кәсіби және салалық бастамаларға белсенді қатысады.
 
KAZENERGY

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор ретінде ұсынылған. «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері осы қауымдастық жанындағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері болып табылады.
 
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының негізгі міндеті салық төлеушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, салық заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері осы қауымдастықтың жұмыс топтарына қатысады және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың салық заңнамасына жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
 
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы

«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 4 қыркүйектен бастап Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестіру және халықаралық мұнай тасымалдау тұрақтылығын нығайту үшін құрылған.

Бүгінгі таңда 10 ұйым ХМТҚ мүшелері болып табылады: «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия), «Транснефть» ЖАҚ (Ресей), «ҚазТрансОйл» АҚ (Қазақстан), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь), «МОЛ» АҚ (Венгрия), Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (CNPC, Қытай), «Укртранснафта» АҚ (Украина), «Янаф» АҚ (Хорватия) және «ТРАНСНАФТА» АҚ  Панчево (Сербия).

Байқаушы ретінде бір компания - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) әрекет етеді.

Қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен 4 сараптамалық жұмыс тобы құрылды: энергия тиімділігі, заң мәселелері, мұнай жеткізу және магистральдық құбыр жүйелерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану бойынша.

Тұрақты сараптамалық топтардың жұмысынан басқа, Басқарманың жартыжылдық отырыстары, конференциялар, көрмелер мен семинарлар, сондай-ақ техникалық сапарлар мен тәжірибе алмасу қауымдастық жұмысының негізгі тетіктері болып табылады.
 
«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы       

«Атамекен» ҰКП ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін іскерлік, инвестициялық ахуалды, тұрақтылықты жақсарту, елде бизнес жүргізу шарттарын дамыту үшін құрылған.

Осы ұйымға қатысу бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз етеді.
Серiктестер