KZTO 830,00 (+0,60%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (+0,60%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ғылыми-техникалық кеңес

«ҚазТрансОйл» АҚ-та тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылатын ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді.

Оның қызметінің мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық дамуын ұйымдастыруға практикалық жәрдемдесу, өндірісті жаңғыртуға және оңтайландыруға, прогрессивті инновациялық технологияларды енгізуге, нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіруге бағытталған ҒЗТКЖ-ның өзекті қолданбалы бағыттарын анықтау болып табылады.

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері:

  1. жалпы Даму стратегиясы негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық дамуының перспективалық бағыттарын айқындау; 
  2. мұнай тасымалдау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және техникалық әзірлемелер жасау мақсатында ҒЗТКЖ жүргізу бойынша бағыттарды айқындау және шешімдер қабылдау;
  3. қолданыстағы өндірістік объектілерді жобалау, реконструкциялау, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа өндірістік объектілерді салу кезінде инновациялық технологияларды қолдану; 
  4. жұмыскерлердің өнертапқыштық және рационализаторлық қызметін дамыту. 

Ғылыми-техникалық кеңестің функцияларына мыналар кіреді:

  1. инновациялық технологияларды қолдануға қатысты мәселелер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын қарау; 
  2. ҒЗТКЖ жүргізу жөніндегі бағдарламаны қарау және келісу;
  3. өндірістік объектілерде инновациялық технологияларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау туралы шешім қабылдау;
  4. жоғары ғылыми-техникалық жетістіктері, өнімділікті арттыруы, өзіндік құнды төмендетуі, экономикалық көрсеткіштерді жақсартуы үшін сыйлықақы алуға ұсынылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарды қарау;
  5. инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын оларды іске асырудың техникалық орындылығы тұрғысынан қарау.
Серiктестер