KZTO 830,00 (+0,60%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (+0,60%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

«ҚазТрансОйл» АҚ-та (бұдан әрі - Қоғам) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) пайдалану шығындарын төмендету мақсатында Қоғамның магистральдық мұнай құбырларының өндірістік объектілерінде прогрессивті ресурс және энергия үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында жүргізіледі. 

ҒЗТКЖ жүргізу жөніндегі іс-шараларды жалпы үйлестіруді «ҚазТрансОйл» АҚ-та ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу жөніндегі бағдарламаға (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес Қоғамның ғылыми-техникалық даму қызметі жүзеге асырады. Бағдарлама Қоғамда өткізуге жоспарланған ҒЗТКЖ тақырыптарының тізімін, сондай-ақ оларды қаржыландыру мерзімдері мен көлемін қамтиды.

ҒЗТКЖ-ны «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалы (бұдан әрі - ЗӘО филиалы), сондай-ақ тартылатын бөгде ұйымдар орындайды.

ҒЗТКЖ жүргізумен айналысатын ЗӘО филиалы бөлімшелерінің құрамына 3 (үш) зертхана кіреді:

  1. Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасы;
  2. Физика-химиялық зерттеулер зертханасы;
  3. коррозия зертханасы;

Зертханалар МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілегіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген.

ЗӘО филиалының зертханалары Қоғамның өндірістік қызметінде анықталған проблемалар мен тәуекелдерді шешу үшін келесі бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді:

  • мұнай мен мұнай өнімдерінің физика-химиялық сипаттамалары мен реологиялық параметрлерін және парафинді тұндыру процестерін зерттеу;
  • реагенттердің физика-химиялық сипаттамалары мен тиімділігін зерттеу;
  • олардың коррозиялық және техникалық жай-күйін анықтау үшін магистральдық құбырлардың учаскелерін, мұнай айдау станцияларының технологиялық құбырларын және резервуар паркін зерттеу;
  • технологиялық процестерде қолданылатын мұнай мен судың коррозия ингибиторларын сынау;
  • судың физика-химиялық сипаттамаларын және топырақтың коррозиялық күйін зерттеу;
  • құбырлардың электромеханикалық параметрлерінің топырақтың физикалық қасиеттері мен коррозиялық күйіне тәуелділігін зерттеу;
  • топырақ/су сапалық сипаттамаларының мен құбырдың ішкі/сыртқы бетінің техникалық жағдайының өзара әсерін зерттеу.
Серiктестер