KZTO 830,00 (+0,60%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (+0,60%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Стандарттау

Нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіру «ҚазТрансОйл» АҚ басым міндеттерінің бірі болып табылады. Технологиялық процестерді оңтайландыру, автоматтандыру, жабдықтың жаңа түрлерін, энергия (ресурс ) үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды енгізу саласындағы соңғы жетістіктер «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа стандарттарын әзірлеуді немесе қолданыстағы стандарттарын қайта жасауды талап етеді.

Қоғамда стандарттарды әзірлеу және өзгерту бөгде мамандар мен ұйымдарды тартумен де, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеу және әзірлеу орталығы» филиалының өз күшімен де жүзеге асырылады.

Стандарттарды әзірлеу/өзектендіру қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары;
  • магистральдық мұнай құбырларында жаңа технологиялық процестер мен жабдықтардың жаңа түрлерін енгізу;
  • ішкі және сыртқы аудиттердің нәтижелері;
  • Қоғамның бизнес-процестеріндегі өзгерістер;
  • Қоғам басшылығының шешімдері.

Стандарттар өндірістік және технологиялық процестерге нормативтік талаптарды белгілеу мақсатында әзірленеді.

Қоғамның магистральдық құбыр саласындағы нормативтік техникалық құжаттарының базасын дамыту және жетілдіру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ стандарттарды әзірлеу/өзектендіру жөніндегі жоспары жыл сайын әзірленеді және іске асырылады. 

2017-2023 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ-та мердігерлік ұйымдарды тартумен Қоғамның 16 стандарты және 2 ұлттық стандарт әзірленді, өз күшімен Қоғамның 30-дан астам стандарты әзірленді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының 2 (екі) ұлттық стандарттарына, атап айтқанда ҚР СТ 1474-2016 «Магистральдық мұнай құбырлары. Мұнайды есепке алу жөніндегі нұсқаулық» және ҚР СТ 1347 «Мұнай. Жалпы техникалық шарттар» стандарттарына  өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

2023-2024 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының «Құбырішілік диагностика және магистральдық мұнай құбырларының тұтастығын кешенді басқару» ұлттық стандарты әзірленуде.

Мұнай құбыр көлігі саласын техникалық реттеу жүйесінде мәселелерді жедел шешу және ұлттық стандарттау жүйесін жетілдіруге қатысу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың қазан айында «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК атынан Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау органы алдында «Мұнай құбыр көлігі» стандарттау жөніндегі жеке техникалық комитет құру туралы бастаманы көтерді. 

«Мұнай құбыр көлігі» стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің базалық ұйымы ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ ұсынылды.

«Мұнайдың құбыр көлігі» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті Қазақстан Республикасының мұнай құбыры компаниялары мен құбыр зауыттарының өкілдерінен тұратын болады.

Қоғам өз құзыреті шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) қабылдайтын құжаттарды қарауға, келісуге қатысады. Мәселен, 2019-2023 жылдар аралығында 50 (елу) мемлекетаралық стандарт жобасы қаралып, оларға ескертулер мен ұсыныстар берілді.

Серiктестер