KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«ҚазТрансОйл» АҚ өзінің күнделікті қызметінде ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар мыналар:
  • «ҚазТрансОйл» АҚ іскерлік этика кодексі;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу регламенті;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-та бұзушылықтардың туындауы тәуекелін басқару саясаты;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын басқару қағидалары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мақсатында  «ҚазТрансОйл» АҚ-та пайдаланатын негізгі құралдар мен механизмдер мыналар:
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау, бағалау және басқару;
  • кері байланыс және сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау арналарының жұмысы.
«ҚазТрансОйл» АҚ заңнаманы және/немесе «ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексін бұзу, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар фактілері немесе болжамды жағдайлары туралы уақтылы хабардар етуді құптайды.

Болжамды бұзушылықтар туралы өтінішті жедел желіге хабарлауға болады (https://sk-hotline.kz/#/).

Көрсетілген жедел желінің операторы тәуелсіз тұлға – «КПМГ Такс энд Эдвайзери» (KPMG) ЖШС болып табылады.
Жедел желіге өтінішті барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай байланыс арналары арқылы бере алады:
  • 8-800-080-47-47 телефон нөмірі бойынша (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін); немесе
  • mail@sk-hotline.kz электрондық поштаға немесе
  • www.sk-hotline.kz интернет-порталы арқылы немесе
  • +7 (771) 191-88-16 WhatsApp арқылы.
Жедел желі тәулік бойы демалыссыз «24/7» режимінде жұмыс істейді. Бұл ретте оператор телефон қоңырауларын дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Қалған уақытта (мереке / демалыс күндерін қоса алғанда) телефон қоңыраулары өтініштерді жазу мүмкіндігі бар автожауапқатқышқа түседі. Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.



«ҚазТрансОйл» АҚ-тың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактілері туралы ақпаратты +7 (776) 044 52 13 нөміріне хабарлауға болады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    282.76Кб    464

«ҚазТрансОйл» АҚ-да бұзушылықтардың туындау тәуекелін басқару саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    246.02Кб    320

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    284.18Кб    343

«ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    830.43Кб    516

«ҚазТрансОйл» АҚ лауазымды түлғалары мен жүмыскерлерінің мүдделер қақтығысын басқару қағидалары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    565.41Кб    233

«ҚазТрансОйл» АҚ сыбай«ҚазТрансОйл» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдауды жүргізу регламенті (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    280.48Кб    129

«ҚазТрансОйл» АҚ санкциялық тәуекелдерді басқару регламенті (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    419.53Кб    104

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының комплаенс-бақылау қызметі туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    475.11Кб    194

2019-2020 жылдарға «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    398.04Кб    614

2021-2022 жылдар кезеңінде «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    632Кб    237

2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    749.59Кб    139

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    356.48Кб    135

 
Серiктестер