KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сұрақтар мен жауаптар

Құрметті пайдаланушы!

Блогқа сұрақ қоймас бұрын, жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз. Сондай-ақ сізден қолданыстағы электрондық мекенжайды көрсетуіңізді сұраймыз, өйткені компания және мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің жеке деректері туралы мәліметтерді қамтитын, адамның конституциялық құқықтарын бұзуы және беделдік тәуекелдерге ұшырауы мүмкін сұрақтарға жауаптар тек сіздің жеке электрондық поштаңызға жіберілетін болады. Сұрақты сілтеме бойынша көрсетілген бөлімде қоюға болады.
 
27.11.2023, 16:48
Бисембаев Асылбек Алтаевич
Сұрақ: Салеметсизбе. Дивиденд каидан алуга болады казтрансойлдан

27.11.2023, 14:51
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев
Жауап: Құрметті, Асылбек Алтайұлы! Дивидендтер алу үшін акционер брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау бойынша қызмет көрсету туралы акционермен шарт жасалған брокерлік компанияның кеңсесіне жүгінуі керек. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болса жеткілікті. 
28.08.2023, 13:15
Масалимов Кайрат Рамазанулы
Сұрақ: Кайырлы Кун Атырау Каласына 10.тамыз Куни Enbek.kz Сайтына Кладовщик Мамандыгы бойынша ваканция ашылган болатын 11 Тамыз Куні КазТрансОйл дын Арнайы Форматта Резюме Жолдаган Болатынмын Содан Бери Тек Кана Кутиниз деген Хабар Келеди Бунын Бир Жауабы Накты Турде Берилмима Баска Адамдар табылмай Жатырса Менмн Кандай Кінам бар Менін білгім Келетіні Неге Узак Кутіп Калып Жатырмын Жумыска Қабылдамаса Неге Ашык Турде Айтпайды Кладовщикке Стаж Бар Арнайы Форматта Резюме Жолдадым Мумкиндик Болса Шешип Берсениздер .

29.08.2023, 15:19
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев
Жауап:  Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) бас директорының (Басқарма төрағасының) блогында жазған 2023 жылғы 28 тамыздағы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қоғамда бос лауазымдарға орналасу «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос лауазымдар мен жұмысшы мамандықтарға кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға орналасуға үміткерлер конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.
Сіздің түйіндемеңізді Қоғамның Атырау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметі авариялық-қалпына келтіру пункті қоймашысының бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарады және басқа кандидаттардың түйіндемесімен бірге Қоғамның адам ресурстарын басқару департаментіне сырттай бағалау жүргізу үшін жіберді.
Кәсіби білімге сырттай бағалау бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн-форматта кәсіби білім, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тестілеуді ұйымдастыру арқылы жоспар бойынша 2023 жылғы 4-8 қыркүйек аралығындағы кезеңде өтеді. Тестілеу өткізу орны мен нақты уақыты туралы Сізге қосымша хабарланады.
08.08.2022, 13:15
Шайырова Жайнагүл Болатбекқызы
Сұрақ: Саламатсызба құрметті Талғат Насимуллаұлы! Мен Шайырова Жайнагүл Болтабекқызы «КазТрансОйл» АҚ Жезқазған Мұнай Құбыры жұмыскері бұл жүйеде 2013 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқаныма жалпы 9 жыл болды. Вахталық жұмысты Жезқазған Мұнай Құбыры басқармасы «Құмкөл» БМАС-да «Құмкөл» ҚТП тауар операторы болып 2013-2014жж жұмыс жасадым. 2014-2017жж аралығында АО Н-П Тургай-Петролеумге «Құмкөл» БМАС құрамындағы «Құмкөл» ҚТП тауар операторы болып ауыстырып, сонда жұмыс жасадым. 2017 жылы қараша айында жүктілікке байланысты декретті демалысқа шықтым. 2019 жылы ақпан айында екінші балама жүктілікке байланысты декретті демалысқа шықтым. Міне содан бері 4 жылдан астам декретті демалыста болып келемін. Екі балам бар, үлкенім 4 жаста, кішкентайым 2 жаста. 2022 жылдың қыркүйек айында жұмысқа шығуым керек. Екі кішкентай баламмен Құмкөлге вахталық режимдегі жұмысты жасау қиын болып тұрғаны себепті және балаларымды тастап вахталық жұмысқа кете алмауым себепті Сізден мені тұрғылықты жерім Ақтөбе қаласы болғандықтан, Ақтөбе Мұнай Құбыры Басқармасының қалаға жақын жердегі бөлімшелеріне 8 сағаттық жұмыс режиміне немесе Ақтөбе қаласына 8 сағаттық жұмысқа: тауар операторы, МАС операторы, лаборант сияқты мамандығыма сәйкес босаған орындар болса, ол мүмкін болмаса, кез-келген әйел адам жасай алатын лауазымға жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын. Алдын ала рахмет!

16.08.2022, 08:58
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев
Жауап: Құрметті Жайнагүл Болатбекқызы!
 
Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына ауысу мәселесі бойынша 2022 жылғы 08 тамыздағы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қоғамдағы бос лауазымдарға орналасу «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос лауазымдар мен жұмысшы кәсіптеріне кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға орналасуға кандидаттар осындай лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуге тиіс.
Өтініште баяндалған фактілерді назарға ала отырып, Сіздің біліктілігіңізге сәйкес келетін бос орындар пайда болған кезде, сізді ауыстыру мүмкіндігі туралы мәселе конкурстық іріктеу рәсіміне сәйкес жалпы негіздерде қаралатын болады.
25.06.2022, 11:59
Оразбаев Асылбек Хайтмұхамметович
Сұрақ: Ассалаумалейкум менің мамандығым Газовый рещик сол мамандык боиынша жумыска кабылдайма?

30.06.2022, 17:45
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев
Жауап: Саламатсыз ба, құрметті Асылбек Хайтмұхамметұлы!
Бос жұмыс орындары туралы ақпарат компанияның сайтында жарияланатын болады. Сондай-ақ, түйіндемеңізді поштаға жібере аласыз hr@kaztransoil.kz.
26.09.2021, 03:18
Есен Жаннира Боловна
Сұрақ: Димаш Ғабитұлы сәлеметсіз бе!
Жұмысыңызға өркендеу мен сәттілік тілеймін
Сұрағым - Казтрансойл мекемесінде жасайтын қызметкер белгілі медициналық қызмет көрсететін мекемеде жыл бойына тегін емделе алатынын ескере отырып сол ем-шараның немесе зертханалық анализдерді тегін тапсыра алатын переченьді қайдан алуға болады?

25.11.2021, 14:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Жаннира Болқызы,
 
Сіздің жауабыңызға келесіні хабарлаймыз. «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері (бұдан әрі – Сақтандырылушылар) медициналық қызметтерді ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемелерге сәйкес алады. Бұл ретте Сақтандырылушының сырқаттануына, жарақаттануына байланысты, медициналық көмек көрсетуді немесе медицина мамандарының консультациясын талап ететін өзге негіздер бойынша №4 қосымшада көрсетілген тізімдегі медициналық ассистансқа және/немесе медициналық ұйымдарға/маманға жүгінуі, сондай-ақ Шарттың Сақтандыру бағдарламасында көзделген қызметтер тізбесі мен көлеміне сәйкес басқа да жағдайлар Шарт бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
 
26.09.2021, 00:32
Абдреев Айбек
Сұрақ: Ассалаумағалейкум,Сізден сұрайын деген сұрағым бар еді.
Кенкияк-Атырау мұнай құбыры қашан іске қосылады? Нақты күнін белгілеп жауап беруіңізді сұраймын.Алдын ала рақмет!

25.11.2021, 14:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Айбек Ақылбекұлы!

«Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбыры 2004 жылы пайдалануға берілген және ол Ақтөбе мен Атырау облыстарындағы кен орындарынан мұнай тасымалдау жұмысын атқарады. «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбыры «МұнайТас» ЖШС-іне тиесілі.
30.05.2021, 10:43
Оңдасын Ерболат Хасанұлы
Сұрақ: Құрметті Димаш Ғабитұлы.

Мен Оңдасын Ерболат Хасанұлы 1958 жылы 14 тамызда Атырау облысы Жылыой ауданы, Қосшағыл поселкесінде дүниеге келдім. Əкем Хасан қазіргі Қосшағыл мұнай-су айдау станциясында 42 жыл « Бас есепші маманы болып қызмет атқарса , ал Анам Унзила « Оператор-машинист « маманы бойынша қызмет етті.

« Əке көрген оқ жанар « демекші , менде Əке жолын қуып 1975 жылы 17 жасымда Қосшағыл мұнай - су айдау станциясына « Құбыршы « болып жұмысқа орналастым. Содан осы мекемеде 1980 жылы жүргізуші маманына ауысып, 1993 жылдан бері осы уақытқа дейін жауапкершілігі мол Автобус жүргізуші маманы бойынша тынбай еңбек етіп келемін.

1999 жылы қыркүйек айында Қазақстан мұнайына 100 жыл толуына байланысты, басшылар тарапынан еңбегім ескерусіз қалмай еленіп, Мұнай - құбырлары басқармасынан жеңіл авто көлікке ие болдым. Қазіргі кезде зейнеттік жасымның жақындауына байланысты , осы салада 46 жыл еңбек өтілімімді елей ескере отырып, Сіздерден əрі қарай ізімді жалғайтын бір баламды осы « Құлсары мұнай - құбырлары « басқармасына жұмысқа орналастыруларыңызды өтініп сұраймын.

Балдарым қазіргі таңда , жоғарғы техникалық білімді , Электр маманы бойынша жұмыс жасаған.

Осы өтінішім Сіздің тарапыңыздан ескерусіз қалмайды деп сенемін.

Сізге деген құрметпен : Оңдасын Ерболат Хасанұлы.

17.06.2021, 12:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Ерболат Хасанұлы!

Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) ұлыңызды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қоғамдағы бос лауазымдарды толтыру «ҚазТрансОйл» АҚ-тағы бос лауазымдар мен жұмыс кәсіптеріне кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға/кәсіпке орналасуға кандидаттар осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.

Қоғамда ішкі кадр резервінің болуына байланысты бос лауазымдарға/кәсіптерге орналасу бірінші кезекте ішкі кандидаттар қатарынан жүргізіледі. Ішкі кандидаттар болмаған жағдайда, сыртқы кандидаттар жалпы негізде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Сіздің ұлыңыз «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне  8 (71237) 73236 телефоны арқылы хабарласа алады.
13.05.2021, 11:55
Хамитов Галихан Бауыржанович
Сұрақ: Ассаламағалейкум, Димаш Габитұлы Алдымен сіздерге істеп жатқан шараларыңыз үшін мың алғыс. Мен Казтрансойл компаниясының миноритарлық акционері боламын. Ал енді сұрағым осындай: компанияның ~95% табысы каржы отчетынан байқағанда негізгі жұмыс аткаруынан ал калған 5% мен түсінуімше депозит арқылы табылатын сияқты. Жалпы ислам дінінде әдеттегі депозит(риба) арқылы ақша табуға қарсы қатаң тыйым салынған. Құранда келетін аяттардың бірі: «Уа, иман келтіргендер, үсті-үстіне өсім жемеңдер! Алладан қорқыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» (Әли Имран, 130) Бұл жағдай иман келтірген акционерлеге қиындық туғызуда. Қысқаша айтканда осындай жолмен келген табыстың пайдасынан гөрі зияны көп. Мүмкін ол ақшаны мсб-ға немесе технологиялық стартаптарға инвестиция ретінде жасалса, кем болмаса ислам банктегі инвестициялык депозитке қойылса қалай қарайсыздар? Алдын ала рақмет!

17.06.2021, 11:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Галихан Бауыржанұлы!

Сіздің сұрау хатыңызға жауап ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастырған кезде, «Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заң талаптарына, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алатынын хабарлаймыз.

Бұл ретте, көрсетілген қаражат уақытша бос болып табылатынын және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның күнделікті операциялық қызметінде пайдаланылатынын атап өткізгіміз келеді.
16.04.2021, 09:29
Мамытов Утеген
Сұрақ: Кайырлы кун Димаш Габитулы мен Мамытов Утеген 1994 жылдан 2019 жылга дейін Казтрансойл компаниясында енбек еттім 2019 жылдын шілде айынан бастап зейнетке шыктым мен сурагым баламды Казтрансойл мекемесіне жумыска алуынызды сураймын көп көп рахмет.

29.04.2021, 13:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті, Өтеген!

Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) ұлыңызды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қоғамдағы бос лауазымдарды толтыру Персоналды іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға/кәсіпке орналасуға кандидаттар осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.

Қоғамда ішкі кадр резервінің болуына байланысты бос лауазымдарға/кәсіптерге орналасу бірінші кезекте ішкі кандидаттар қатарынан жүргізіледі. Ішкі кандидаттар болмаған жағдайда, сыртқы кандидаттар жалпы негіздерде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Сіздің ұлыңыз «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне  +7 (7292) 479 233 телефоны арқылы хабарласа алады.
20.02.2021, 02:02
Рахметоллаева Салтанат
Сұрақ: Саламатсызба! Менин жолдасым Мангыстау обл.дагы КазТрансОйл мекемесинде жумыс истейди. Отбасылык жагдайга байланысты(баламыз журек акауымен туылды, оперциясына барып туруымыз кажет. Ар 3 ай сайын тексерилип туру керек.) Сол себепти Нур-султан каласындагы КазТрансОйл мекемесине ауысуына болмайма?

19.03.2021, 17:43
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Салтанат!

Жұбайыңыз Н.Б. Мұрсадовты ауыстыру мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та (бұдан әрі – Қоғам)  бос жұмыс орындарына қабылдау Персоналды іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға/кәсіпке орналасуға кандидаттар осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келулері, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтулері тиіс.

Қазіргі уақытта Қоғамның орталық аппаратында жұбайыңыздың біліктілігіне сәйкес келетін бос жұмыс орны жоқ.

Вахталық жұмыс әдісіне ауысу мүмкіншілігі мәселесі бойынша жұбайыңыз Қоғамның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне жүгіне алады.    
 
Серiктестер