KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ делегациясы Прага қаласында өткен мұнай құбыр компаниялары басшыларының халықаралық кездесуіне қатысты

27.06.2018    Көрулер: 1506
Чехия Республикасының астанасында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов және компанияның басқа өкілдерінің қатысуымен Халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациясының (ХМТА) IX Басқарма мәжілісі өтті.

Мәжіліс күн тәртібінде ХМТА мүше компаниялар арасындағы ынтымақтастық, ХМТА ұйымының 2018-2019 жылдарға арналған жоспары, мұнайды жеткізу туралы ХМТА тұрақты сарапшы тобының ережесін бекіту, қаржылық есебін қоса алғанда жылдық есепті бекіту және басқа да мәселелер қаралды. Мәжіліске «ҚазТрансОйл» АҚ, «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ, «Транснефть» ЖАҚ, PetroChina Pipeline Company LTD, «МЕРО ЧР» чехиялық компаниясы, словакиялық «Транспетрол» АҚ, «MOЛ Венгрия» АҚ, «Укртранснафта» ЖАҚ, Каспий мұнай құбыр консорциумы сияқты мұнай тасымалымен айналысатын Еуропадағы ең ірі мұнай комнапияларының державалары қатысты. ХМТА келесі Х мәжілісі биылғы жылдың қазан айында Пекинде өткізілетін болады.

»ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі


Серiктестер