«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері 2020 жылға дивиденд төленсін деп дауыс берді
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар бойынша дивидент төлеу туралы шешім қабылданды.
Акционерлерге дивиденд төлеуге 50 770 909 068 теңге жұмсалады, бір жай акцияға шаққандағы мөлшері 132 теңгені құрайды.
2020 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 11 маусымдағы 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады.
«ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу 2021 жылғы 18 маусымда басталады және ақшамен, оларды Қоғам акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте дербес аудару және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ тұлғасындағы төлем агенті арқылы жүргізіледі.
Дивидендтерді уақтылы алу үшін акционерлерге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі өз жеке деректерінің (оның ішінде банк шотының деректемелерінің) өзекті болуына көз жеткізу керек және олар өзгерген жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесіне енгізу үшін қажет мәліметтерді өзгерту туралы хабарлау мақсатымен брокерлік қызмет көрсету шартын жасаған брокерлік компанияға немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-қа жүгіну қажет.
Дивидендтерді уақтылы алу үшін Сіздерге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі өз жеке деректеріңіздің (оның ішінде банк шотының деректемелерінің) өзекті болуына көз жеткізу қажет және олар өзгерген жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесіне енгізу үшін қажет мәліметтерді өзгерту туралы хабарлау мақсатымен Сізбен брокерлік қызмет көрсету шартын жасаған брокерлік компанияға немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-қа жүгіну қажет.
Акционердің өзекті деректері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, оған тиесілі дивидендтер «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ есепке алу жүйесінде ашылған арнайы сұрауы жоқ ақша шотына аударылатын болады. Өз кезегінде акционер «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жүгіну арқылы осы шоттан дивидендтерін сұратуға құқылы.
2020 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша төленген дивидендтер туралы хабарлама
«ҚазТрансОйл» АҚ жылдық компания акционерлерінің жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы қабылданған 2021 жылғы 26 мамырдағы шешіміне (№1/2021 хаттама) сәйкес 2021 жылғы 18 маусымда 50 770 909 068 (елу миллиард жеті жүз жетпіс миллион тоғыз жүз тоғыз мың алпыс сегіз) теңге мөлшерінде 2020 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуді жүзеге асырғанын хабарлайды.
Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 132 (бір жүз отыз екі) теңгені құрады.
2020 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 11 маусымдағы 00 сағат 00 минуттегі жағдай бойынша тіркелді.
Алдағы уақытта дивиденд төлеу туралы ақпарат
Осымен «ҚазТрансОйл«АҚ (бұдан әрі - Қоғам) 2021 жылғы 26 мамырда Қоғам Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылдың қорытындысы бойынша жай акцияларға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды. Акционерлерге дивидендтер төлеуге 50 770 909 068 теңге жолданады, бұл бір жай акцияға 132 теңгені құрайды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 11 маусымдағы 00 сағат 00 минут жағдай бойынша жасалады.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу 2021 жылғы 18 маусымда басталады және оларды акционерлердің шоттарына белгіленген тәртіппен дербес аудару жолымен әрі «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы ақшамен жүргізілетін болады.