KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас директоры Димаш Досанов: Біздің 2020 жылғы қаржылық және өндірістік көрсеткіштеріміз оң нәтижеге жетіп отыр

 28.05.2021    828
Коронавирустық инфекцияның пандемиясы бүкіл әлемдегі компаниялардың қызметіне түзетті десек болады. Бұл жағдай қазақстандық кәсіпорындарды, оның ішінде мұнай саласын да айналып өтпеді. «Интерфакс-Қазақстанға» берген сұхбатында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас директоры Димаш Досанов магистральдық мұнай құбыры ұлттық операторының COVID-19 пандемиясын қалай жеңгені туралы айтып берді.

- Димаш Ғабитұлы, 2020 жыл көптеген салалар үшін, оның ішінде мұнай-газ кешені үшін де қиын болды. Әлемдегі экономикалық жағдай ұлттық оператордың магистральдық мұнай құбыры бойынша қызметіне қалай әсер етті?
- 2020 жыл Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде көптеген компаниялар өздерінің жоспарларына түзету енгізгені сөзсіз. Пандемия мұнай-газ саласының қызметіне теріс әсер етті, энергия ресурстарына сұраныстың төмендеуі байқалды. Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан МЭЕҰ+ қатысушы елдерінің арасындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін, сондай-ақ мұнай бағасын қалпына келтіру үшін мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту жөніндегі келісім шеңберіндегі міндеттемелерге қосылды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, компания өз ресурстарын жұмылдырып, мұнайды үздіксіз және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағыттады.
Сонымен қатар, біз компанияның жұмыскерлері мен мердігер ұйымдар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін бар күшімізді салдық. Ол үшін дағдарыстық жағдайларды басқаратын команда құрылды, оның шешімдері өндірістік объектілердегі тұрақты жұмысты жүргізуге бағытталған. Біздің акционерлердің, мемлекеттік органдардың және мердігерлік ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің және үйлесімді жұмысының арқасында өндірістік және логистикалық процестердің оңтайлы жұмыс режимі ұйымдастырылды. Айта кету керек, біздің жұмыскерлеріміз дағдарыс жағдайында жоғары кәсібилігін көрсетті және карантиндік шараларды мүлтіксіз сақтады. Біз біріге отырып пандемияның таралуының алдын алдық. 2020 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындадық, оны біздің қызметіміздің қорытынды нәтижелерінен көруге болады.

- Сіз өткен жылдың нәтижелерін қалай бағалайсыз?

- Қаржылық көрсеткіштер оң динамиканы көрсетті: компанияның шоғырландырылған таза пайдасы 2019 жылмен салыстырғанда 24% - ға артып, шамамен 56 млрд теңгені құрады. 2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымдарының активтерін қайта бағалаудың қорытындылары бойынша құнсыздануына байланысты шығыстар азайғандықтан, табыстың артуы байқалды. Мұнайды экспортқа айдау тарифінің 15% - ға артуы, бағамдық айырмадан түсетін кірістердің өсуі қаржылық көрсеткіштердің артуына алып келді.

Егер өндірістік көрсеткіштер аздап төмендеу болды, «ҚазТрансОйл» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке тасымалдау көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 5%-ға азайды. Мұны жетілген кен орындарында, сондай-ақ Құмкөл және Ақтөбе топтарының дәстүрлі кен орындарында мұнай өндіру көлемінің табиғи түрде азаюына байланыстыруға болады. Сонымен қатар, МЭЕҰ+ келісімі аясында өндірістің төмендеуі де әсер етті.
«ҚазТрансОйл» - магистральдық мұнай құбырының ұлттық оператор. Біздің алдымызда энергия ресурстарын тұрақты тасымалдау жолымен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндет тұр.

Пандемия жағдайында құбырлар реконструкциясы, ауыстыру, резервуар паркін жөндеу бойынша өндірістік міндеттер орындалды. 2020 жылға арналған күрделі салымдар бағдарламасы 95%-ға орындалды. Шекаралардың жабылуына және соның салдарынан мамандандырылған техника мен жабдықтарды жеткізудегі қиындықтарға қарамастан, жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Өндірістік объектілерді жаңғырту және жөндеу – бұл компания қызметінің ажырамас бөлігі. Егер цифрлармен айтар болсақ, соңғы бес жылда бұл мақсаттарға «ҚазТрансОйл» шамамен 228,5 млрд теңге инвестициялады. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда күрделі салымдар 15% - ға артып, шамамен 54 млрд теңгені құрады. Бұл инвестициялар өндірістің қазіргі деңгейін ұстап тұруға және мұнайды сенімді әрі қауіпсіз тасымалдауға бағытталатын болады.

Жыл сайын компания біздің клиенттеріміздің арасында көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанатынын талдау үшін сауалнама жүргізеді. Тұтынушылардың сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қанағаттану коэффициенті 100%-ды құрады. Біз осы деңгейді ұстап тұруға тырысамыз, өйткені ол компанияның тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетеді.

Компанияның 2020 жылдағы үздік операциялық және қаржылық жетістіктерін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі атап өтті, ол «тұрақты» деген болжам беру арқылы «ВВВ-» деңгейіндегі шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді рейтингті растады. Агенттіктің бағалауы бойынша, «ҚазТрансОйл» Қазақстанда мұнай тасымалдау секторында үздік позицияны сақтап отыр, оның ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар. Компанияның қызметі мұнай бағасына тікелей байланысты емес болғандықтан, бұл оның бизнес-бейіні үшін қолайлы фактор болып табылады.

- Тарифтік түсім де дағдарыс кезеңінде компанияға қолдау көрсеткен шығар? Өткен жылы экспорттауға шығарылатын мұнайды айдау тарифі ұлғайды.

- Тарифті көтеру – магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің тиімді, сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін шаралардың бірі. Компанияның негізгі қызметіндегі барлық түсімдердің іс жүзінде 50%-ын экспорттау мақсатындағы мұнай тасымалдаудан алынған кіріс құрайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары «ҚазТрансОйл» магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай экспортының төмендегені байқалады. Жүк айналымының қысқаруына жетілген кен орындарының табиғи сарқылуы, қазақстандық мұнайдың экспорттық бағыттардан елдің ішкі нарығына қайта бағдарлануы, сондай-ақ МЭЕҰ+ келісімі шеңберіндегі шектеулер себеп болды. Осы жағдайларды ескере отырып болды. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 26,5% - ды құрады, осы кезеңде жинақталған инфляция 57% - ға жетті.
Бұдан басқа, магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі әрқашан ауқымды инвестицияларды талап етеді. Тарифтік пайда инвестициялық бағдарламаны іске асыруға, магистральдық мұнай құбырлары жүйесін жаңғыртуға және салуға, орнықты дамуға жұмсалады.
Бұл инвестициялар үш бағытқа бөлінеді: біріншісі – қолданыстағы өндірістің реконструкциясы, кеңейту және жаңғырту, екіншісі – жаңа өндірістік нысандарды салу, үшіншісі – жұмыс істеп тұрған өндірістік нысандарды күрделі жөндеу. Көтерілген тарифтен түскен пайда акционерлердің дивидендтік кірістілігін құрайды.

- Өткен жыл үшін дивидендтерді төлеуге қандай сома бөлінді?

- 2013 жылдан бастап компания «Халықтық IPO» пионері ретінде өз акционерлеріне 425,7 млрд теңге төледі. 9 жылдағы орналастыру бағасы шамамен дивидендтік кірістіліктің орташа жылдық 17% құрады. 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда дивидендтер төлемінің өсімі шамамен 12% - ды құрады.
Дивиденд мөлшері туралы ұсынысты дайындау кезінде Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл»  АҚ-тың дивидендтік саясатының негізгі ережелерін басшылыққа алады, оған сәйкес дивидендтерді төлеуге жіберілетін сома компанияның таза табысының кемінде 40%-ын құрайды. Таза табыстың нақты мөлшері ғана емес, сондай-ақ төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға қажеттілік және өзге де факторлар ескеріледі. Бүгінгі таңда сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, компанияның қаржылық тұрақтылықты сақтауы маңызды. Осыны түсіне отырып, Директорлар кеңесі дивидендтер төлеуге 50 млрд 77 млн теңге жіберуді ұсынды. 2020 жылға арналған дивидендтің мөлшері есептегенде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясының құны 132 теңгені құрады.

- «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қандай инвестициялық артықшылықтары  бар?

- Біз «Қазақстан-Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің құрылысы бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Бұл «ҚазТрансОйл» үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де стратегиялық маңызды жоба. Біздің мақсатымыз – Батыс Қазақстан мұнайын «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ке және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ке (Шымкент мұнай өңдеу зауыты – ИФ-К), сондай-ақ Қытай, Өзбекстанға экспортқа шығару мүмкіндігін жасау. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жоба шеңберінде 2020 жылы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, екінші іске қосу кешені бойынша «Аман» мұнай айдау станциясын (МАС) механикалық аяқтау жүзеге асырылды.
Екінші маңызды жоба – «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су тартқышын қайта құру және кеңейту. Бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие және ел президентінің бақылауында тұр. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы су тұтыну көлемі де артуда. Су құбыры тозған және іс жүзінде өңірлердегі суға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Жобаны жоспар бойынша іске асырған жағдайда су тартқышты сенімді түрде пайдалануды және өткізгіштік қабілетін таяудағы бірнеше жылда екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында біздің «Магистральдық суағызғысы» еншілес компаниямыз «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды суағызғысын реконструкциялау және кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті. Біздің міндетіміз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тек өндірістік объектілердің ғана емес, сондай-ақ өңірлердегі халықтың суға қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

- Компанияның 2028 жылға дейінгі стратегиясын мерзімінен бұрын әзірлеуге не себеп болды?

- Компанияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы 2016 жылы бекітілді. Магистральдық мұнай құбырлары жүйесін инновациялық дамыту және оны әлемдік энергетикалық жүйеге интеграциялау – бұл өндірістік процеске жаһандық технологияларды кіргізу арқылы жүзеге асырылатын ұлттық оператордың міндеттері. «ҚазТрансОйл» АҚ-та цифрлық технологияларды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Цифрлық технологиялар заманында біз ұлттық оператор ретінде озық технологиялардың пайда болуын қадағалап, оларды компания қызметінің барлық кезеңдерінде уақытында енгізіп отыруымыз қажет. Прогрессивті компаниялардың ерекшелігі – цифрландыру және жетілдіруге ұмтылу. Трендтерден қалыспай, «ҚазТрансОйл» соңғы бірнеше жылда бірқатар технологиялық шешімдерді енгізді. Компанияның стратегиясы негізгі акционер «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ), мұнай-газ кешені компанияларының қызметін реттейтін, мұнай өндіру және тасымалдау көлемін реттейтін ҚР Энергетика министрлігінің жоспарларына негізделеді.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта мұнай өндіруде көбінесе жетілген кен орындары қалды, олардың ресурстары да сарқылған, дәл осы факторлар мұнай өндіру мен айдау көлеміне табиғи түрде әсер етеді. Біздің ірі акционеріміз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың даму стратегиясының өзгеруіне, сондай-ақ компанияның негізгі міндеттерінің көпшілігінің орындалуына байланысты, қазіргі уақытта оларды өзекті ету қажеттілігі туындады.

- Алдыңғы стратегияда белгіленген қандай маңызды жобалар іске асырылды?

- Компанияның даму стратегиясы бекітілген сәттен бастап іске асыру үшін маңызды жобалар енгізілді. Мысалы, Ресей мұнайының транзиті жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайды, «Атырау-Самара-Новороссийск» бағыты бойынша жылына 1 млн тоннаға дейінгі көлемде «азкүкіртті» мұнайды бөлек айдау жүйесі жолға қойылды. Қазақстан аумағында «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ мұнай құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге ұзақ мерзімді шарт жасалды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес компаниясы «Магистральдық суағызғысы» ЖШС-ке магистральдық құбыр арқылы су беру қызметін тапсырды. Бұл жобалар компанияның 2028 жылға дейінгі даму стратегиясында жаңа мақсаттар мен міндеттермен қатар көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін оларды іске асыру барысында біз «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-пен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен, мемлекеттік органдармен, атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігімен, әріптестермен, миноритарлық акционерлермен одан әрі де ынтымақтастық жүргізетін боламыз. 2021 жылы біз тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Біз бірге қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға зор үлес қосатынымызға сенімдімін.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ең басты активі – біздің ұжым. Біз әрбір қызметкерді жоғары бағалауымыз қажет. Қауіпсіз еңбек жағдайларына кепілдік беру, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, жұмыскерлердің білімі мен біліктілігін арттыруға инвестиция салу, мұнай құбырларының жаңа буыны үшін жұмыс орындарын құру стратегиялық маңызды.

- Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!
Санаттар: Біз туралы БАҚ
Реакция:
Серiктестер