KZTO 827,00 (+0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,00 (+0,98%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасеновтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары аяқталды

 29.08.2024    327

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов компанияның батыс өңіріндегі өндірістік объектілері бойынша жұмыс сапарын Маңғыстау облысында аяқтады. Онда  Арман Қасенов «Өзен» БМАС,  «Жетібай» МАС, «Ақтау» БМАС мен «Ақтау» теңіз сауда портына барды.

«Өзен» БМАС-да бас директор мұнайды қабылдауға, сақтауға, дайындауға және есепке алуға арналған №17 ТБР (тік болатты резервуар) құрылысы бойынша жұмыстардың барысын тексерді. Сондай-ақ, Арман Қасенов  жергілікті диспетчерлік пункт пен химия зертханасына барып, Маңғышлақ мұнай құрамының ерекшеліктері туралы білді.

 Станцияның медициналық пунктінде Арман Қасеновке жұмыскерлерді ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландыру процесін толық автоматтандыратын электрондық медициналық қарап-тексеру жүйесінің (ЭМҚКЖ) жұмысы айқын көрсетілді: жүйе қан қысымы мен импульсті өлшейді, дене температурасын жанасусыз бақылайды және тыныс алуда алкоголь буларының болуын анықтайды, жұмысқа жіберу/жібермеу туралы қорытынды қалыптастырады.

«Жетібай» МАС-да бас директор станцияның магистральдық сорғы және резервуарлық паркін қайта құру барысымен, екі ТБПР (понтоны бар тік болатты резервуар) құрылысымен танысты.

Жұмыс сапарының келесі пункті «Ақтау» БМАС болды. Аталған станция - мұнай құбырлары арқылы мұнайды қабылдау және айдау, оны мұнай құю айлақтары арқылы танкерлерге құю және теміржол цистерналарынан тиеуді жүзеге асыратын бірегей өндірістік нысан.

 Арман Қасенов «Ақтау» БМАС-та  периметрлік күзет бақылау жүйесін енгізу бойынша жұмыстардың барысымен, өрт сөндіру темірбетон резервуарлардың ағымдағы жөндеу жұмыстарымен  танысты.

Тиеу-құю эстакадасын қарау кезінде Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы басшылығымен  теміржол эстакадасында мұнайды екі жақты төменгі  тиеу барысында мұнай иісін басатын қондырғы енгізу жобасын талқылады.

 «Ақтау» теңіз порты айлағында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры теңіз портының басшылығымен кездесіп, ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен перспективаларын талқылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  компаниялар тобына  кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км - магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.



Серiктестер