KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ пен Sino-Pipeline International (SPI) бірлескен кәсіпорны – «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-де кадрлық өзгерістер орын алды

 11.01.2025    27
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нің жарғысында қарастырылған тараптардың өкілдерін атқарушы органда (Басқармада) ротациялау тәртібі аясында компания басшылығында өзгерістер болды.

Талғат Құрманбаев, бұған дейін бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарған, бес жыл мерзімге «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нің бас директоры (Басқарма төрағасы) болып тағайындалды. Өз кезегінде Тянь Айминь бас директордың бірінші орынбасары қызметін иеленді.

Компания басқармасының құрамы: Талғат Құрманбаев – Бас директор (Басқарма төрағасы), Тянь Айминь – Бас директордың бірінші орынбасары, Ерхат Тұрлыханов – Экономика жөніндегі бас директордың орынбасары, Пань Тао – Өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары, Арслан Ноғайбаев – Коммерция жөніндегі бас директордың орынбасары, Цао Инвэй – Қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Басқармасының шешімімен өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары қызметіне Бермахан Тұрлыбеков тағайындалды.

Бермахан Тұрлыбеков Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол өзінің кәсіби қызметін 2005 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жобаларды басқару департаментінің маманы ретінде бастаған. Еңбек жолында ол «Saipem SpA», «TBK Astana Group» және «Интергаз Орталық Азия» АҚ сияқты компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Серiктестер