KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ-ның біртұтас бағыттау бойынша операторлық қызметіне қатысты жария тыңдаулар өтті

 18.04.2025    63
Бүгін, 2025 жылғы 18 сәуірінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ішкі нарыққа қазақстандық мұнайды құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру (біртұтас бағыттау бойынша операторлық қызмет) қызметіне арналған тарифті жеңілдетілген тәртіппен бекіту өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Жария тыңдаулар ТМРК-ның Мұнай және газ тасымалдау саласындағы реттеу басқарма басшысы Нушаруан Лесбекұлының төрағалығымен өткізілді, ол қатысушыларды іс-шараны өткізу тәртібімен таныстырды.

Ол барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, оларды өтінім бойынша ұсыныстар мен ескертулер беруге шақырды. «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты – ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандыруды қамтамасыз ету және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау», – деп атап өтті Нушаруан Лесбекұлы.

Іс-шараға салалық мемлекеттік орган атынан ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазТрансОйл» АҚ -ның басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Тарифті бекітудің жеңілдетілген тәртібі бойынша өтінімге қатысты баяндама жасаған – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Әміржан Қайырбайұлы Оспанов.

Жария тыңдаулар офлайн режимде өткізілді және ТМРК-ның Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді, бұл мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында ТМРК-ның Мұнай және газ тасымалдау саласындағы реттеу басқарма басшысы ұсынылған жобаның алдын ала екенін және түпкілікті шешім «ҚазТрансОйл» АҚ -ның өтінімін ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдер мен тәртіппен мұқият қарау қорытындысы бойынша қабылданатынын еске салды.
Реакция:
Серiктестер