KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 2022 жылдың І тоқсанында 9,8 млн тоннаны құрады

 06.05.2022    1633
«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың I тоқсанындағы өндірістік қызметінің нәтижелерін қорытындылады. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеке мұнай тасымалдау көлемі 9 млн 758 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 480 мың тоннаға аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 360 мың тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 296 млн тонна-километрге аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнай жүк айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92 млн тонна-километрге артып, 10 млрд 760 млн тонна-километрді құрады.

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 4 млн 348 тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурыз көлемдерінен 279 мың тоннаға артық.

Атырау мұнай өңдеу зауытына 1 млн 315 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 1 млн 478 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына - 1 млн 403 мың тонна, «CASPI BITUM» БК» ЖШС - 152 мың тонна жеткізілді.

Есепті кезеңде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 267 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы I тоқсанның нәтижесімен салыстырғанда 1 млн 027 мың тоннаға аз.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 2 млн 655 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 11 мың тоннаға аз.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 2 млн 760 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2021 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш 236 мың тоннаға артты.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 164 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 22 мың тоннаға артық. Ақтау портындағы танкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып мұнай құю 489 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 38 мың тоннаға аз.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 4 млн 703 мың тонна тасымалданды, бұл 2021 жылдың I тоқсанындағы нәтижеден 614 мың тоннаға артық. Жүк айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 645 млн тонна-километрге артып, 4 млрд 270 млн тонна-километрді құрады.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылғы I тоқсанның көрсеткішімен салыстырғанда 345 мың тоннаға өсіп, 1 млн 288 мың тоннаны құрады. Жүк айналымы 129 млн тонна-километрге артып, 519 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы және «Petrotrans Limited» компаниясы бойынша 2022 жылғы қаңтар-наурызда мұнайды, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 478 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 85 мың тоннаға артық.

Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы «Магистральдық Суағызғы» ЖШС 6,5 млн текше метр тұщы су берді, 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 367 мың текше метрді құрады.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-ның жарғылық капиталына 100% қатысу үлесіне ие. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырының меншік иесі болып табылады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы (100%). БМT арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.

«Petrotrans Limited» (PTL) жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы (100%). PTL Закавказье дәлізі арқылы жүктерді жөнелту бойынша қызметтерді көрсетеді, Каспий өңірінен Грузия арқылы көлік қызметтерін ұсынады және мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелту бойынша қызметтер көрсетумен байланысты кәсіпкерлік және операциялық қызметті жүзеге асырады.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd бірлескен кәсіпорны (50%), ол «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.

«МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жобасын іске асыру мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа мына бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ  жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер