KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

ШМҚБ қызметкерлері марафонға қатысты

 14.09.2022    589
Шымкент мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері «Shymkent Marathon 2022» марафонына қатысты. Жарыс Шымкент қаласындағы Әл-Фараби орталық алаңында ұйымдастырылды. Биылғы марафонда жүгіруге 4,5 мың адам қатысуға тілек білдірген. 

Солардың бірі әріптестеріміз Нұрлан Мамақов, Асхат Сайлаубеков пен ШМҚБ зейнеткері Михаил Понкратьев.


Айта кетейік, ШМҚБ механигі Нұрлан Мамақов 10 км қашықтыққа, ал «Шағыр» МҚП энергетигі Асхат Сайлаубеков пен зейнеткер Михаил Понкратьев 5 км қашықтыққа жүгіруден жарысты.

Әріптестеріміз жұмыста ғана емес, спортта да белсенді екендіктерін көрсете білді.


«Спорт – денсаулық кепілі. Марафонның Шымкент қаласында өтетінін біліп, биыл қатысуға ниет білдірдім. Күн сайын кешкісін жұмыстан соң арнайы алдын ала жүгіріп дайындалып, 10 км қашықтықты бағындырдым», - деді Нұрлан Мамақов.
 
Жансая Сыдықбай, ШМҚБ 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер