KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2023 жылдың басынан бері «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 290 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізді

 30.06.2023    597
2023 жылдың басынан бері «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекеті бағытында қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 290 мың тоннаны құрады.
2022 жылғы желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру бекеті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымалдауға жылдық өтінім берген. Аталмыш мұнай транзиті 2002 жылғы 7 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сәйкес келісім шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша тасымалдау үшін техникалық мүмкіндікке ие екендігін растайды, бірақ тасымалданатын нақты мұнай көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болады.
 
Реакция:
Серiктестер