Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Павлодар» БМАС-да «Зевс Энерго» ЖШС МӨҚҚ қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығу кестесіне сәйкес тірек сорғысында шартты өрт сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты – өртті сөндіруді ұйымдастыруды басқару және өртке қарсы қызметтердің тартылған күштері мен құралдарын және объект персоналын басқару бойынша объектілік өрт сөндіру штабының іс-қимылын жетілдіру, «Зевс Энерго» ЖШС МӨҚҚ өрт сөндіру бөлімшелерінің, ЕӨҚ және «Зевс Энерго» ЖШС авариялық-құтқару қызметі объектісінің қызмет көрсетуші персоналының келісімділігі мен өзара іс-қимылын пысықтау, сөндіруге қатысушылар мен объект персоналын ауқымды өртті жою жөніндегі іс-қимылдарға үйрету және оқыту.
- Мұндай бірлескен жаттығулар өте пайдалы. Жауынгерлік жағдайда өткізілген жаттығулар өрттің нақты қаупі кезінде олардың іс-әрекеттерінің алгоритмін талдауға мәжбүр ете отырып, қиындықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығулар өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесі, өрт дабылы жүйелері, сондай-ақ өрт туралы ескертулер жарамды екенін көрсетті. Жедел персонал мен ЕӨҚ мүшелерінің әрекеті өрт сөндірудің жедел жоспарына сәйкес орындалды. Бүгінгі оқу-жаттығудың басты нәтижесі - өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен БМАС қызметкерлері арасында штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда іс-әрекеттер бойынша белгіленген өзара түсіністікке бағытталды. Барлық бөлімшелер үйлесімді және нақты жұмыс істеді, нәтижесінде тірек сорғыдағы шартты өрт өрттің одан әрі таралуына жол бермей, адам өмірін сақтап қалды, - дейді ПМҚБ өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері Ермек Байзақов.