KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Ресей мұнайының Өзбекстанға транзитін 3 еседен аса арттырмақ

 29.11.2023    974

2024 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзитінің көлемі 500 мың тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Бұл туралы бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған Эмитент күнінде хабарлады.

«Sanoat Energetika guruhi» компаниясы(Өзбекстан Республикасы) «ҚазТрансОйл» АҚ-қа 2024 жылға қарай 1 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігімен Өзбекстанға 500 мың тонна Ресей мұнайының транзитіне өтінім берді», - деді Абай Бейсембаев.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Ресей мұнайының Өзбекстан Республикасына транзитінің күтілетін көлемі 2023 жылы 154 мың тоннаны құрайды. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 104 мың тонна ресейлік мұнай транзитін жүзеге асырды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдауды жүзеге асырады.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Ресей мұнайын Өзбекстан Республикасына жөнелтуді 2017 жылы басталды. Транзит көлемі 2017 жылы 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 36 мың тоннаны құрады. 2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиті жүзеге асырылмады.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзит мақсатында Ресейден мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифті 1 тонна үшін 25,12 доллардан 27,9 АҚШ долларына дейін арттырды (ҚҚС-сыз).

Реакция:
Серiктестер