KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы мұнай тасымалдау көлемі 44 млн 188 мың тоннаны құрады

 19.01.2024    1585
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және тауар айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша бөлек мұнай тасымалдау көлемі 44 млн 188 мың тонна мұнайды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 млн 532 мың тоннаға артық.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 17 млн ​​426 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 479 мың тоннаға аз. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 5 миллион 408 мың тонна мұнай, «ПетроКазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 5 миллион 729 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 5 миллион 436 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК ЖШС – 853 мың тонна мұнай жеткізілді.
 
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 10 млн 317 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 879 мың тоннаға артық.
 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ТОН-2 мұнай құбырының учаскесі 11 млн 242 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 207 мың тоннаға артық.
 
«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 11 млн 199 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 52 мың тоннаға кем.
 
«Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 3 млн 241 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 млн 96 мың тоннаға көп.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік ауқатын пайдаланып, Ақтау портында мұнайды танкерлерге тиеу көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1 млн 108 мың тоннаға артық.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша бөлек мұнай айналымы 34 миллиард 208 миллион тонна шақырымды құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 54 миллион тонна шақырымға аз.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнай жүк айналымы 43 млрд 784 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 289 млн тонна-километрге аз.
 
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбыры жүйесі арқылы 18 млн 806 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 429 мың тоннаға аз. Мұнай жүк айналымы 16 миллиард 872 миллион тонна шақырымды құрады, бұл 2022 жылдың қорытындысынан 442 миллион тонна шақырымға аз.
 
«МұнайТас СБҚК» ЖШС мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемі
5 млн 527 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 79 мың тоннаға аз. Мұнай жүк айналымы да 27 миллион тонна шақырымға азайып,
2 миллиард 236 миллион тонна шақырымды құрады.
 
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 574 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 353 мың тоннаға аз.
 
«Магистральды суағызғысы» ЖШС-ның «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарындағы тұтынушыларға 27 миллион 904 мың текше метр тұщы су берілді. 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда су беру жеткізу көлемі 1 млн 882 мың текше метрге азайды.
 
Реакция:
Серiктестер