KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ күн панельдері бар 11 энергия қондырғысын орнатты

 04.03.2024    1917
«ҚазТрансОйл» АҚ күн энергиясын пайдаланатын 11 дербес гибридті электр генераторлық қондырғыларын іске қосты. Аталмыш шара «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының әуе электр желілерін қайта жаңғырту жобасы аясында іске асырылды.

Дербес гибридті электр генераторлық қондырғылар «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 11 объектісінде (6 желілік торап және 5 катодты қорғау станциясы) 1499,9 - 1572,1 км орналастырылған. Бұл учаскенің ұзындығы 72,2 км. Дербес гибридті электр генераторлық қондырғылардың электр энергиясын өндіру мөлшері жылына - 254 мың кВт*сағ.құрайды.

Пайдаланылатын энергия ресурстарын оңтайландыру «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оның аясында компания өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын ұстанады және осы саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.
 
Реакция:
Серiктестер