KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ бюджетке 40 млрд теңгеден астам ақша төледі, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 17,9% - ға артық

 11.03.2024    1956
2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ төлеген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 40,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 17,9% - ға көп. Республикалық бюджетке ең үлкен төлемдер корпоративтік табыс салығы (11,8 млрд теңге) мен қосылған құн салығынан (3,8 млрд теңге) құралды. Жергілікті бюджеттерге мүлік салығы – 10,5 млрд теңге көлемінде, жеке табыс салығы – 7,5 млрд теңге және әлеуметтік салық – 6,1 млрд теңге көлемінде төленді.

2019 жылдан бастап салық органдары салық төлеушілердің қызметін сараланған салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылатынына байланысты үш санатқа бөледі, олар - төмен, орташа және жоғары тәуекелді санаттар. Осы санатқа сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ төмен тәуекел дәрежесін иеленді. Аталмыш дәреже компанияның сенімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
 
Реакция:
Серiктестер